Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық – қоғам үшін қауіпті дерт

Жемқорлық – қоғам үшін қауіпті дерт

Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асырылып келеді. Оның көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «біртерезе» қағидаты енгізілді. Ендігі кезекте сыбайлас жемқорлықты болдырмау біз бен сізге тікелей байланысты. Оны түбегейлі жою үшін жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру қажет. Ол үшін «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге күресуіміз тиіс. Сонда ғана ел мүддесіне үлес қосып, халықтың сенімін ақтай аламыз. Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Дегенмен, жемқорлықтың жолын кесіп, «пара беру», «пара алу» сынды жең ұшынан жалғасын табатын індетті ауыздықтауға болады. Осы орайда, Шиелі аудандық қаржы бөлімінде «Жемқорлыққа жоқ де», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – ортақ міндет» сынды іс-шаралар өтіп, БАҚ беттерінде мақалалар жариялануда. Тәуелсіз елдің ертеңін ойлайық!

Қ.Рахманбердіұлы
08 қазан 2021 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930