Қарттармен жұмыс басты назарда
Берекелі, мерекелі күздің кемел шағында келетін Халықаралық Қарттар күні де келіп қалды. Ардагерлеріміз асыға күтетін Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясымен жарияланған.
Қарттар күнін атап өтудің мақсаты- қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару. Яғни, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қоғамның демографиялық қартаю проблемаларымен халықты хабардар етіп отыру. Қарттардың тәуелсіздігін қамтамассыз ету, олардың құқығын қорғау, қоғам өміріне белсене қатысуына, араласуын, тиісті күтім жасалып, қарттарымыздың ішкі әлеуеті мен абыройын асқақтататын жағдайлар жасау. Аудан көлеміндегі әрбір бастауыш ұйым ардагерлеріне қартайған шақтарында көмек беру, қайырымдылық шараларын өткізу – мекеме, шаруа қожалығы басшыларының парызы, борышы, құрметі болып қалуы тиіс. Мемлекет басшысы, облыс, аудан әкімдері жыл сайын ардагерлер алдындағы борышын терең сезініп, күнделікті қамқорлықты, қолдауды аяп жатқан жоқ. Аудан әкімі Н.Мақұлбековтың ардагерлерге деген ыстық ықыласын аңғарып отырмыз. Бүгінге дейінгі, сондай-ақ мереке күндері өтетін қарттарға арналған іс-шаралар соның айғағы, куәсі болары сөзсіз.

Кешегі дүниеден озған алдыңғы буын қарттарымыз М.Санаубаев, Б.Тоқбаулин, Ә.Исмаилов, Ж. Ақмолдаев, Н.Қасымов, Ж.Ердешбаев, Ә.Сапақов, Н.Қозайдаров, Ө.Жәрімбетов, Ж.Зермұхамедов т.б. қазіргі аға буын қарттар С.Ізтілеуов, Ө.Исаханов, С.Аманжолов, Р.Мауияұлы, Т.Баймағанбетов, С.Тұрысбеков, А.Бейімбетов, С.Аймаханов, П.Архабаев, Ж.Баетовтар т.б. үлкендер дәстүрін жаалғастырса, одан кейінгі қарттар легі де қоғам үшін тер төгіп жатқаны жалпақ жұртқа аян. Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың еліне сіңірген еңбектерін, мемлекетіміздің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау төл міндетіміз болып қалуы керек. Себебі, «қарты бардың – қазынасы бар». Соңымыздан ерген жас ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтып отырғаны, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін байларына сіңіріп, Отансүйгіштік, патриоттық сезімде жаңарған, жаңашыл, ой-саналары рухани жанғырып қоғамды алға жылжытқандары абзал. Қарттарымыз не көрмеді? Олар соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен бейбітшілікті қорғап, сақтап қалды. Сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті. Соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтірді. Өз еңбектерімен ел экономикасының дамуына зор үлестерін қосты. Биылғы Қарттар күні Республика өміріндегі ерекше кезеңде Қазақ халқы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау мерекесі қарсаңында , Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы кезеңіне келіп тұр. Сондықтан, аудан қарттарын мереке де, Жолдауда жігерлендіре түседі, олардың ауызбіршілігін арттыра береді деп сеніммен айта аламыз. Қарт адамдардың істеріне әлеуметтік қолдауды қалыптастыру, ұрпақтар ынтымағын нығайту мақсатында ардагерлер ұйымдарының, еңбек ұжымдарының басшыларына, бизнес, кәсіпкерлік құрамындағыларға ертеңгі қартар күні егде жастағы қарттарға моральдық, материалдық, әлеуметтік – тұрмыстық тұрғыдан, басқалай да көмектер беріліп жатса, дәстүрлі деңгейде өтсе деген өтінішіміз де жоқ емес.
Қарт адамдарға жылы сөз айтып, қолдаудың, құрметтеудің, сыйлаудың, жанашырлық жасаудың, билік органдары тарапынан көңіл бөлудің, олардың елге сіңірген еңбегін жұртшылықтың тануының, оларға қандайда бір құрмет көрсетудің маңызы зор. Өйткені, әр қарт адамның қоғамда орны бар. Олар өздерінің қоғамға керектігін, қажет екендігін жүрегімен сезініп жүрулері тиіс. Мына жалған дүние сонысымен қызық. Аудан қарттарының төл мерекесі құтты болсын. Қартарымызға зор денсаулық, отбасыларына береке мен абырой тілейміз. Ауырмаңыздар!
Өркен Исмаил,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы