Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрмет төріндегі қариялар

Құрмет төріндегі қариялар

БҰҰ 1990 жылы қазанның алғашқы жұлдызын халықаралық қарттар күні деп бекіткен болатын. Бұл мереке алғашында Еуропада, кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде аталып өтетін болды.
Айтулы күннің негізгі мақсаты – қазынаға айналған қарттардың еңбек жолы мен өнегемен өрілген өмірін жастарға насихаттау. Сондай-ақ ақ жаулықты аналар мен бәйтеректей саялы болған аталарға құрмет көрсету.
Мереке Шиелі ауданында да ескерусіз қалмады. 28 қыркүйек күні Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында жиын және мерекелік концерт өтті.
Жиынға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы және облыстық ардагерлер кеңесінің кеңесшісі Мақсұт Баекеев, аудандық ардагер кеңесінің мүшелері, кент және ауылдық округ ұйымдарының жетекшілері, елді мекендердің әкімдері және аудан ардагерлері қатысты. Шара барысында өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалымен таныстырып, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты. Бұл туралы газеттің алдағы санында тарқатамыз.
«Өскен өңір» ақапарат


28 қыркүйек 2019 ж. 1 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031