Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 27-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Қазгидромет. Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Нәтижесінде солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 градус жылы болады. Солтүстік-батыста сынап бағанасы түнде 0-10 градус жылудан 6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін, күндіз 0-13 градус жылыны көрсетеді, Солтүстікте түнде 3 градус аяз-6 градус жылы, күндіз күн райы 5-11 градус жылы мен 2-8 градус аралығын көрсетеді. Орталықта 3-11 градус жылыдан 3 градус аяз–8 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 градус жылудан 2-10 градус жылуға дейін төмендейді. Шығыста түнде 3 градус аяз–10 градус жылы, күндіз 10-20 градус жылы болады деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 градус жылуды, күндіз 12-27 жылулықты көрсетеді.

https://kaz.nur.kz​​​
27 қыркүйек 2021 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031