Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2021 жылдың 11-13 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.
Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 градус аяз – 12 градус жылы, күндіз 15-27 градустан 20-30-ға дейін жылынады.
Солтүстік-батыста ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде 3-13 градус жылыдан 3 аязға дейін төмендеп барып, 10 градусқа жылынады, күндіз негізгі фон - 12-23 градус жылы.
Солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде 3-13 жылудан 3 аяздан – 5 градусқа дейін болса, күндіз негізгі фон - 10-20 градус жылы.
Шығыста 5-13 градус жылудан 1 градус аязға дейін – 10 жылу, күндіз 17-25 градус шамасында.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15 градус, күндіз 19-28 градус жылы болады.
 
https://baq.kz​​​
10 қыркүйек 2021 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031