Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіз Қазақстанның картасы қай жылдан бастап жаңартылып келеді?

Тәуелсіз Қазақстанның картасы қай жылдан бастап жаңартылып келеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев айтты. 

Ол геодезия және картография саласының елдің өндірістік күштерінің дамуында маңызы зор екендігін алға тартты.
Сондай-ақ өңірлерді дамыту, қала, жол құрылысы, жерді түгендеу, ГИС жүйелері, смарт-қалалар бойынша жұмыстарды жасаған кезде геодезиялық өлшемдерсіз, топографиялық карталар мен жоспарларсыз жұмыс істеу мүмкін емес көрінеді.
Қазіргі уақытта бірде-бір сала осы карталарсыз, атластарсыз және жер туралы картографиялық ақпаратсыз жұмыс істей алмайды. Мұны мен толықтай сеніммен айта аламын. Сала қызметінің нәтижесі - қазіргі заманғы инновациялық экономиканы қалыптастыру және дамытудың негізі жоғары технологиялардың картографиялық және геодезиялық қамтамасыз етілуі. Жүргізілген геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер мемлекеттік мәселелерді шешуде, мемлекеттік басқару саласында аса қажетті құрал, - деді Геодезия және картография комитетінің төрағасы.
Сонымен қатар мемлекеттің инфрақұрылымын дамыту мен елдің қорғаныс саласы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызы зор. Жалпы бүгінгі таңдағы картографиялық негізді алып қарастырсақ, соңғы рет Қазақстан аумағында карта 1980-1990 жылдары жаңартылған.
Қазіргі Қазақстанның картографиялық өнімін жаңартуды біз 2005 жылдан бастап қолға алдық. Геодезиялық өлшемдер де қамтылды. Бүгінде аэротүсірілімге ел аумағының 65%-ы енді, - деп атап өтті Қажымұқан Бекмұқашев. https://baq.kz
09 қыркүйек 2021 ж. 312 0