Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ӘРДАЙЫМ ЕЛ АРАСЫНДА

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ӘРДАЙЫМ ЕЛ АРАСЫНДА


Еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелдігін және тыныштығын күзететін әскери қызметшілер болса, әскери тәртіп пен олардың құқықбұзушылық салдарын алдын алу барысындағы шараларды жіті бақылайтын құзырлы орган – әскери прокуратура.
Әскери прокуратура қызметкерлері облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдермен және мекемелер құрамымен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Өткен жылы алғаш әскери прокуратураның бастамасымен «Құқықтық патруль» атты акция өткізілді. Шарада әскери заңгерлерден тұратын топ құрылды.
Акция шеңберінде  әскери қызметшілерге арналған тұрғын үй қатынастары және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Армияда қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында құқық бұзушылықтар мен суицид профилактикасы бойынша бірнеше «дөңгелек үстел» өткізілді. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында барлық әскери бөлімдерде орналасқан рәміздердің орналасу тәртібін қадағалау  мақсатында  ауқымды шара  өтті. Көктем және күз мезгілдерінде әскер қатарына шақырылушы азаматтарға бас әскери прокурордың үндеуі негізінде дәстүрге айналған «Прокурор сағаты» атты дәрісі ұйымдастырылады.  
Дәріс арқылы еліміздің әр аймағынан келіп, сап түзеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып, олардың психологиялық-моральдық жағдайларын анықтау шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар, облыста жастарды әскерге шығарып салу шарасы ұйымдастырылуда. Болашақ Отан қорғаушыларға  рухани жігер сыйлау мақсатында прокуратура қызметкерлері «Сарбаз! Сен елді қорғайсың! Сені – заң қорғайды!» деген  қанатты сөзбен демеп, сәт сапар тілейді.
WhatsApp желісі арқылы олардың ата-аналарымен арнайы байланыс орнатылды. «Отан – отбасынан басталады» дейді. Әскери қызметшілерге қызметте қолдау білдіріп отырған отбасы мүшелерімен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап беру бағытында бірнеше кездесу жұмыстары жүргізілді.
Азаматтардың өтініштерін қабылдануы үшін барлық әскери бөлімдерде әскери прокуратура атынан жеке пошта жәшіктері мен сенім телефондары  орналастырылған.
Қосымша айта кететін жайт, әскери прокуратураға талап-арыз жолдаған азаматтардың құжаттары толықтай заң жүзінде қарастырылып болған соң,  жауабын жеке өздерінің қабылдап алуына толық мүмкіндіктері бар.
Қазақстан Республикасының Президенті Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол» деген болатын.
Осыны ұстаным еткен біздің сала мамандарының қызметтік күнделігі осылай жалғасуда...

Қ.РАХМАТУЛИН,
Қызылорда гарнизонының
әскери прокуроры
29 наурыз 2018 ж. 2 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930