Вакцина салдыруға болмайтын адамдар коронавирустан қалай қорғанады
Қазір елімізде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Осы орайда, екпеге қарсы медициналық көрсетілімдері бар тұрғындар да кездседі. Олар COVID-19 вирусынан қалай қорғанады? Бұл сұраққа елордадағы №14 қалалық емхананың терапевт дәрігері Мая Молдахан жауап берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.Анафилактикалық шокты бастан кешірген, вакцина құрамындағы заттарға аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Сонымен қатар қазіргі уақытта ауырып жүрген немесе қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы сынды созылмалы дерті болса уақытша вакцина салдыруға болмайды. Бұдан бөлек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті əйелдерге, бала емізетін əйелдерге де екпе салынбайды. Вакцина салдырмаған адамдар қалай қорғана алады дегенге келсек, бұл адамдар саламатты өмір салтын ұстануы қажет: құнарлы тамақтанып, иммунитетті көтеретін витаминдерді қолдану жəне құрамы дәрумендерге бай өнімдерді жиі пайдалануы керек. Сонымен қатар, қолыңызды жиі жуып, таза ауада серуендеңіз, дене шынықтырумен, гимнастикамен айналысыңыз жəне адам көп жиналатын орындарға, той-томалаққа бармауға кеңес беремін, - дейді дәрігер.Бүгінде 6 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 4,9 млн адам екінші компонентін алды. Екпе алғандар арасында КВИ-мен ауырғандар кездесті, бірақ оларда вакцина алмаған науқастарға қарағанда ауыру процесі жеңіл өтті дейді мамандар. Мысалы, температураның ең шегі 38 градусқа дейін, əлсіздік, құрғақ жөтел сияқты белгілер ғана болған. Бұл науқастар тез арада емделіп шықты.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласында да, еліміз бойынша да эпидемиялогиялық ахуал көңіл көншітерліктей емес. Қазақстан бойынша күніне 6000-нан астам адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталады. Ең қорқыныштысы, бұл індеттен көз жұмғандар саны да азаймай тұр. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды екпе алуға шақыруда. Бүгінгі таңда тек вакцина ғана коронавирусқа қарсы тұра алатын жалғыз құрал болып табылады.https://baq.kz