Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық – ел дамуын тежеуші фактор

Жемқорлық – ел дамуын тежеуші фактор

Сыбайлас жемқорлық – елдің экономикалық дамуын тұралатып, бәсекелестік қабілетін бәсеңдететін әлеуметтік дерт. Оның кең тамыр жаюы – кез-келген қуатты мемлекеттің әлеуетін құлдыратуға қауқарлы. Сондықтан да, соңғы жылдары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға айрықша басымдық беріліп келеді. Заңнамаға енгізілген бұл жаңашылдықтар бармақ басты, көз қысты әрекеттерді болдырмау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауды, сол арқылы елімізде парасаттылық қағидатына негізделген адал қоғамды қалыптастыруды көздейді.
Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресейік.

Сайпырхан Ахметов,
Шиелі аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
03 тамыз 2021 ж. 321 0