Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Елбасымыз құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың әлі де тиылмай келе жатқанын және онымен күрес жолдарын тиісінше атап көрсетті. Осыған орай еліміздің құқықтық органдар саласы өз жұмыстарын ширата түсіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын белгілеуде.
Жалпы, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас. «Көз қысты, бармақ басты» дегендей орайы келгенде қызмет бабын пайдалану арқылы пара беру немесе пара алу сияқты келеңсіздіктер орын алып қалуда.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.
2015 жылғы 18 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралызаңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстарымен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлт жанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлығы, тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шегі мен шеті жоқ кезек азматтарды пара беруге итермелейтін еді. Оған қарсы тұратындай халықта сыбайлас жемқоролыққа қарсы сауат жетіспейді.         
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекітті, осы Жарлыққа сәйкес республика үкіметіне бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын бір айда берілген болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Аталған бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуға да, биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестегіне де баса мән беріліп отыр.
Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.
Сондықтан, ХХІ ғасырдың өзекті бір мәселесі болып отырған «Сыбайлас жемқорлыққа» қарсы міндетті ел болып бірге күресейік ағайын.   

Ж.С.Оспанов,
Шиелі аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі                                                                           
16 маусым 2021 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930