Қоғам дертімен күресу қажет

Иә, сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елдері секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын, түп-тамырын жою үшін қоғам болып бірігіп, белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Бүгінгі таңда «Әділдік жоқ жерде пара алу жүреді» деген сөз халық арасында жиі айтылады. Егер сыбайлас жемқорлық жойылса, халықтың көкейінде сенім пайда болып, күдік те тыйылар еді. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын, құқықтарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға тиісті.
Г.Қожаназарова,
Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маман заң қызметкері
Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маман заң қызметкері