Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – заман талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – заман талабы


«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни, лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінеттін ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер ретінде атап көрсетті.
Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресу емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.
Шиелі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басымдықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселесі танылады. Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында жыл сайын басқармада сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ, тұрақты түрде сенім телефондары жұмыс істейді және азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы кедергісіз хабарлауына жағдайлар жасалған. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстар бойынша алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Е.Ұзақбаев,
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасының басшысы.
03 қараша 2018 ж. 2 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031