Қоғам дертімен күресуіміз қажет
Сыбайлас жемқорлық – тек бір ғана елдің ғана емес, қоғам дамуын тежейтін ең қауіпті кесел. Сондықтан оған қарсы күрес шаралары мүлде толастамауы тиіс. Жемқорлыққа қарсы және ол орын алмаған елдің болашағы да жарқын болары анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу дамудың даңғыл жолына түсуді мақсат еткен мемлекеттің негізгі міндетіне айналуы қажет» деуінің де себебі осы.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері – кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.
Даулет Беркімбаев,
Шиелі ауданы полиция бөлімінің бастығы,
полиция подполковнигі
Шиелі ауданы полиция бөлімінің бастығы,
полиция подполковнигі