Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – заман талабы

Жемқорлықпен күрес – заман талабы

Бүгінде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде сипат алып келеді. Тәжірибе дәлелдегендей, ғасыр дертіне баланған сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, нарықтық бәсеке мен өңірлерге инвестициялар тарту процесін тежейді. Міне, сол себепті де Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып отыр.
Осыған байланысты елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тетіктері қолға алынды. Соның бірі – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамды орындау. Жемқорлыққа қарсы күрес – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл дертке қарсы күресті күшейту Ұлт жоспарының 13-қадамында көрініс тапқан.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң әрекет етіп келеді.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мемлекеттің одан әрі табысты дамуы үшін сөзсіз басымдық. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері қоғамның мүддесіне зардабын тигізіп және мемлекеттің экономикалық өсуіне көп кедергі келтіреді. Сондықтан да біздің еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, әртүрлі шаралар мен модельдерді үйлестіріп отыруымыз қажет. Иә, елдегі қабылданып жатқан түрлі заңнамалар мен бағдарламалардың арқасында енді жемқорлыққа қарсы күрес бұрынғыдан да күшеймек. Ол үшін мемлекеттік қызметтерді цифрлық жүйеге көшіріп, басшылықтың жауапкершілігін арттыра түсу маңызды.

Жарқынбек Арысланов,
Ақмая ауылының әкімі
21 желтоқсан 2019 ж. 882 0