Қызыл құмның пайдасы
Жаздың ортасы болса, піскен құмның пайдасы бар деп ауылдың үлкендері айтып отыратын. Тіпті, айтып қана қоймай бір мезгіл барып, белден төмен қарай көміп отырушы еді. Ол кезде біз ойын баласымыз көп нәрсенің байыбына бармасақ та, егде кісілерден қызықтап себебін сұрайтынбыз. Біздің түсінгеніміз, құм – табиғаттың ерекше сыйы ғана емес, денедегі барлық клеткаларды ашып, бойдағы суықты тартып алатын ерекше қаситке ие екен.
Ауылдағы қызыл құмның пайдалы тұстары көп. Ғылыми тілмен айтқанда, бұл псаммотерапия, яғни құммен емделу. Ыстық құм көп ауруларға шипа. Тарихи деректер бойынша ең алғаш құммен емделуді вавилондықтар бастаған деседі. Кезінде бұл құмның қасиеті жайында Геродот, Гален, Авиценна секілді ғалымдар да жазған екен. Біздің өңірде құммен емделу тәсілі көнеден қалыптасқан. Алдымыздағы шілде айының ортасы мен тамыз айының басы аралығын үлкендер құм пісетін уақыт деп атайды. Піскен құмның терапиясы әсіресе, тірек-қимыл мүшелерінің (омыртқа, қол-аяқ буындары, бұлшық еттері, сіңірлері) дерттерін, зат алмасуы бұзылуынан, жарақат алудан болған қалыпсыздықтарды, әйелдердің жыныс жолдарының қабынуын, полиемиелиттің зардабынан қалған кейбір жайсыздықтарды жоюда жақсы жәрдемдеседі. Барлық белден төмен ауруларға таптырмас ем. Ем-домның бұл түрін халқымыз ежелден білген. Ел арасында «құмның піскен кезі» деп аталатын шілде мен тамыз айы аралығындағы уақытта топыраққа денені «көму» тері, ісік ауруларынан арылтып, бойдағы салқынды алуға септігін тигізетінін көбіміз ескере бермейміз.

Құмға түсем деп ниет білдірген адам алдымен құмды қазып, орынды дайындап алады. Содан соң келесі күні өзі дайындаған орынға белге дейін көміліп отырады. Емнің бұл түрінің негізгі принципі – жылу арқылы емдеу. Қазіргі медицина топырақтың адамның ішек құрылысына пайдасы барын айтады. Асқазанға түскен топырақ паразиттер мен токсиндерге қарсы қалқан іспетті. Өйткені топырақтың құрамында адамға пайдалы заттар қамтылған. Айталық, темір, цинк, кальцийге өте бай. Қарапайым мысал, адам өзінің саусақтарының ұшымен ұстаған кезде шексіздікті сезінеді. Сондай-ақ, бойдағы жағымсыз психикалық энергиядан тазартып, эмоционалды жағдайын қалпына келтіреді. Құммен жұмыс істеу барысында, әсіресе, түрлі ауруларға шалдыққан, дамуында кешеуілдік бар балалардың ұсақ қол маторикасы және эмоционалды сферасы дамып, дәріге зәруліктен айырады.
Қазіргі заманның жоғарғы қарқынмен дамуына байланысты, адамға қажеттінің бәрі бар. Бұрынғы заманның адамдары сияқты таза ауамен тыныстап, су әкеліп, от жағып, мал бағып жазда жайлауда жүріп қозғалыс жасамайды. Соның салдарынан көптеген ауруға душар болып, ем іздеп жүреді. Біріміз шипажайға жанымызға дауа іздеп жүрсе, ал, енді біріміз қымбат дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінеміз. Алысқа бармай-ақ, ауылдағы құмға бір түсіп шығу адамның буындарына таптырмас ем. Осылайша жазық далада жатқан құмның емдік қасиеттерін тізбектей беруге болады.
Шапағат Тілеубаев