Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Желдің пірі - Мірқайдар

Желдің пірі - Мірқайдар

Бағзы заманда желді жын-перілер басқарыпты. Оларжелді қалай болса солай бағыттап, адамға қиянат жасайды екен. Біреуге жұт беріп, малын қуып әкетеді. Біреудің егінін жайпап, арығын құммен көміп кетеді. Жұрт не істерін білмей, Құдайдан пана сұрайды. 
Сол кезде Хақ тағала Сүлейменге пайғамбарлық жіберіп, он сегіз мың ғаламның билігін береді. Сүлеймен жындармен соғысып, бәрін зынданға тастайды. Желдің билігін олардан тартып алады. Сол заманда Сүлейменнің Мірқайдар деген сенімді серігі болған екен. Бір аңыздарда уәзірі болған деседі. Сүлеймен желге мініп ұшқанда, Мірқайдарды жанынан тастамапты. Оң жағынан орын беріп, үнемі сұхббатасып жүргенді ұнатады екен. 
Сүлеймен патша дүниеден өтерінде Мірқайдарды шақырып алып: 
–Бұдан былай желді сен басқарасың. Адамның игілігі үшін қызмет ет! – деп өсиет айтады.  Содан бастап, Мірқайдар желдің иесіне, піріне айналыпты. 
"Салт-дәстүр" сөйлейді отбасы хрестоматиясы 

30 шілде 2019 ж. 1 350 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 105

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031