Өлеңі өмірінің ғазиз бөлшегі
Өткен жұмада Шиелі аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, парасат жолы жобасы аясында жерлесіміз әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері – Әлмырза Ноғайбаевпен «Өлеңі өмірінің бір ғазиз бөлшегі!» атты кездесу кеші өтті.
Өнерді өмірім деп бағалап, өнерімен елге танылған жандар арамызда қаншама. Солардың бірі де, бірегейі, туған жер түлегі – Әлмырза Әлиұлы. Өнер жолында жүрген сазгер өзін халықтан алыс ұстай алмайды. Сондықтан пандемия уақытында фейсбук әлеуметтік желісі арқылы жұмыс жасаған оны облыс басшысы Г.Әбдіқалықова «Халық алғысы» төсбелгісімен марапаттаған. Бүгінде әке жолын қызы Ақмарал Ноғайбаева жалғастырып, халықтың ықыласына бөленіп жүр.

Аудан жастарына сазгер-ақынның өнерін насихаттау, өмір жолын таныстыра отырып, қаламгермен сұхбаттасу, шығармашылығынан қызықты әңгімелерден сыр шерту арқылы жастарға үлгі боларлық із қалдыру кітапхананың басты мақсаты болды.
Әлмырза Ноғайбаев:
– «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» дегендей ақындық, сазгерлік Алладан келетін дарын. Әйтсе де, кітапты көп оқи отырып, сөздік қорды молайту арқылы жаңа бір белеске көтерілуге болады, – деп кітаптың әркез адам өміріне қажетті ақыл құралы екенін балалардың құлағына құйды. Сондай-ақ, кездесу барысында балалар сазгерге сұрақтарын қойып, ақынның шығармашылығы жайында ой бөлісті.
Кездесу соңында Әлмырза Ноғайбаев туған өлке – киелі Шиелі жайлы әндерін шырқап, балалардың әнге деген құштарлығын арттырды. Кітапхана меңгерушісі Гүлзира Махамбетқалиқызы сазгерге шексіз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Ал балалар мен жасөспірімдер сазгерден үлгі, бата алып, ерекше қуанышқа бөленді.
А.МҰРАТҚЫЗЫ