Жастар арасында көп кездесетін аурулар
Балаларда жиі кездесетін бірқатар ауру түрлері бар. Олардың алдын алу шаралары оларды жұқтырмауға, ал уақтылы емдеу асқынулар мен ауыр салдарынан қашуға көмектеседі. «Балалар жиі ауырады» - деген сөзді көптеген ата-аналардан естиміз. Шынымен де солай ма?
Бұл міндетті түрде өзекті болатындай қатып қалған қағида емес, сіз үшін, егер сәби шағынан өз балаңыздың денсаулығына дұрыс көңіл бөлген болсаңыз, әрқашан алдын алу шараларының бәрін орындаңыз және ауруын дер кезінде емдеуге тырысыңыз. Отит. Өзінің құрылысына қарай ересектерге қарағанда, балалар құлағы осы ауруды тез қабылдағыш болады. Негізінен суық тию аурулары кезінде пайда болады, құлағы қышиды, тамаққа тәбеті жоғалады, дене қызуы жоғарылайды. Ларингит. Тамақтың қарлығуы және жөтел – осы аурудың негізгі симптомдары. Себебі – вирустық инфекция, оны тек дәрігердің қатаң бақылауы мен емдеу қажет. Гайморит. Мұрыннан су ағу салдарынан пайда болады. Оның негізгі симптомдары: мұрыннан іріңді сұйықтықтың ағуы, бас ауруы. Мұрны бітіп, сөйлеудің өзі қиындайды. Егер оны дер кезінде емдеп жазбаса, созылмалы түріне ауысады. Желшешек (ветрянка). Денесіне бөртпелер шығып ол өсіп, оның іші мөлдір сұйыққа толып, жарылады. Желшешекпен бала кезінде ауырып кеткені дұрыс екенін бәрі де біледі, себебі одан тез жазылуға болады. Бұл шынымен де солай, ауырған жағдайда тұрақты иммунитет қалыптасады, сондықтан қайталап ауыру мүмкін емес. Көкжөтел (коклюш). Ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ұстама тәрізді тырысулық жөтелмен байқалады. Бастапқы кезеңде бұл ауруды антибиотиктермен емдейді. Қызылша (корь). Бұл ауру жиі кездеспейді, себебі жоспарлы түрде екпе жасалады. Егер екпені уақытында алмаса ауыру мүмкіндігі жоғары болады. Симптомдары: дене қызуының бірден көтерілуі, ринит, жөтел. Содан кейінде де бөртпелер шығып, бірнеше аптадан кейін жазыла бастайды. Уақытылы жүргізілген ем – тез сауығудың және жақсы көңіл-күйдің кепілі.
Бибі Алмасқызы,
ЖТДБ 4 аймақ дәрігері
ЖТДБ 4 аймақ дәрігері