Психолог – адам жанын емдеуші
Қазіргі таңда өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді. Қай уақытта болмасын психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психология — жеке тұлғаның рухани болмысы, қарапайым тілмен айтқанда адамның жан дүниесін зерттеу. Адамның бойында қандай да бір ауру болса оны физиологиялық жолмен емдеп, жазады. Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты ауыр халде жатқан нуқастарға Шиелі аудандық емхана психологтары науқастармен сөйлесіп, психологиялық кеңестер беріп, ауруынан айығып шығуына септігін тигізді. Ауданымыздың мектептерін аралап мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ алдындағы психологиялық тұрғыда дайындадық. Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында салааралық байланысты күшейту негізінде 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында емхана психологтары мен білім беру мекемелерінде өмірдің қиын жағдайында қалған балаларға психологиялық көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізілді.
Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Егер де сіз өміріңіздің жақсы жаққа өзгергенін қаласаңыз ішкі жан дүниеңізден бастағаныңыз жөн. Психологияның артықшылығы – бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, институт, жұмыс, отбасы, адамдармен қарым-қатынас, жеке тәжірибе. Күн сайын біз осындай көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге тырысамыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі. Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр.
Психология өз-өзімізді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Егерде сізді – «қандай психологиялық көмек көрсетуге болады?» – деген сұрақтар мазаласа, сіз үшін тәулік бойы ұялы сенім телефоны анонимды түрде жұмыс жасайды 8-800-080-22-26. Ауданаралық емхана психологтарының телефон номері 8-775-471-32-72 хабарласыңыздар. Анонимды түрде кеңес ала аласыздар.
З.Жагипбарова,
М.Алимбекова,
М.Әлібатыр,
емхана психологтары