Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Құрметті жерлестер!

Жер - жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!
Наурыз – ізгілік пен бірліктің мерекесі. Бұл күні барша жұрт өкпе – ренішті ұмытып, ағайынмен бір дастархан басында табысады. Адамдар бір-біріне ырыс-несібе тілеп, ақ пейілдерін арнайды. Бұл кезеңді біздің халқымыз береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санайды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн».
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген жетістіктері - соның дәлелі.
Сыр өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық оң өзгерістерді өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Мәселен, облыс халқының 95 пайызы таза ауыз сумен қамтылды. Мемлекет қаржысы есебінен салынған құрылыс көлемі облыста 3,5 есеге, ал, Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы 8 есеге өсті. Өңір жан басына шаққандағы әлеуметтік салаға қаржы бөлуден алдыңғы қатарда. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткіздік, денсаулық саласы едәуір нығайтылды. 2016 жылы 4 ауданға көгілдір отын жеткізсек, қалған үш ауданға биыл газ келеді. Соңғы бес жылда аймақ экономикасына 1,3 трлн. теңге тікелей инвестиция тартылды, 60 мың жаңа жұмыс орындары ашылды, 2 млн. шаршы метр баспана салынды, төрт жыл бойы күріштен рекордтық өнімдер жиналды, ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда, мұнай мен уранға тәуелді аймақ өндірісі енді өңдеу өнеркәсібін дамытуда алдыңғы қатарға шықты. Кәсіпкерлікті қолдау арқылы елдің тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар жыл сайын қарқынды жалғаса бермек. Тізбектеп айта берсек, игілікті іс көп. Қол жеткен жетістіктер – Сыр халқының бекем бірлігі мен тату тірлігінің ортақ жемісі.
Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады, - дейді. Олай болса, қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер мен жеңістер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шадыман шаттық пен бақ-береке сыйласын!
Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев

Қызылорда Облысының Әкімдігі
22 наурыз 2018 ж. 2 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930