Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ


Егістік пен мал шаруашылығына тәуелді өңір үшін аяқ судың жеткілікті болуы маңызды. Себебі, бізде егілетін күріш пен басқа да дақылдар суды көп қажет етеді. Сәйкесінше ауданда су тапшылығы мәселесі жиі қайталанып, егістік шөліркеп, шаруалардың әбіржіп қалатын жайы бар.
Бұл мәселені тиімді шешудің бірден-бір жолы су шаруашылығын әртараптандыру болмақ. Ол қалай дейсіз ғой, ол үшін бұрын күріш егілетін бірнеше гектар аумаққа суды көп қажет етпейтін дақылдар егеміз. Содан соң, бұл жерлерге тамшылатып суғару әдісімен су жіберіміз. Осылайша аяқ суға деген қажеттілік төмендеп, бір жағынан дүкен сөрелерінде өз жерімізде егілген көкөністер көбейеді. Айтпақшы, бұл мақсаттағы жұмыстар ауданымызда қазірден басталып кетіпті. Ендеше сол жұмыстардың бірсыпырасына тоқталайық.
Сала мамандарының сөзінше, биыл «Шиелісушар» өндірістік учаскесіне Сырдария өзенінен 539 млн. метр куб, ал таза егіске 444 млн. метр куб лимит су берілген. Жалпы, жоспарланған егістік көлемі 30 246 гектарды құрап отыр. Оның ішінде күріштің үлесі 12037 гектар болса, егін шаруашылығы әртараптандыру мақсатында 95 гектар жерге бақша дақылдары егілген. Ауыз толтырып айтарлықтай көп жер болмағанымен, бастамасы жаман емес. Сондай-ақ, аяқ судың жеткілікті болуы үшін 0-2 және Р-12 каналдарын қазу жұмыстары жүргізілген.
Ал енді, биылғы аяқ судың мөлшеріне зер салайық. Қолымызда бар мәлімет бойынша қазір ауданымызға, Шардара су қоймасына секундына 96,3 текше метр су түсуде. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,7 текше метрге кем. Қоймадағы су көлемі де өткен жылдан 542 млн. текше метрге кем болып отыр. Демек, тиісті сала мамандарының жыл басынан бері дабыл қаққанының жөні бар секілді. Сондықтан аяқ суды қажетімізше жаратып, ысырап қылмауға тиістіміз. Егістіктің бітік шығып, қамбамыздың дәнге толуы әрбірімізге байланыс­ты.

Рамазан Бектұрғанұлы
01 маусым 2021 ж. 404 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 116

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031