Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантты баланың талабы таудай

Талантты баланың талабы таудай


«Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны, жауhар жырдың падишасы, қара сөздің құдіретін сезінген М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы онлайн өтті..
Қара өлеңнің құдіретін сезінген ақын М.Мақатаев өзінің өлеңдері мен жырларын халыққа мұра етіп қалдырды. Жыл сайын ауданда мұзбалақ ақынды еске алып көптеген шаралар ұйымдастырып, көркемсөзден байқаулар өтіп келеді. Сайысты өткізудегі мақсат жастарды қазақ халқының дарынды ақыны Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын таныстырып, өлеңдерін мәнерлеп оқуға бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар көркемсөз өнері – көшпелі ғұмыр кешкен дала сахнасындағы даналарымыздың бізге қалдырған құнды да киелі қазынасы. Осы құнды қазынаны үлкендер қадір тұтса, талапшыл жастарымыз шығармашылық қабілеттілігін арттыруда. Осы тұста Байкен Алпысбаев құнды өнерді жалғастырып келеді. Тіпті, ол М.Мақатаевтың «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Жырлайды жүрек» атты республикалық байқаудың I-ші кезеңі бойынша көркемсөз оқу шеберінде I орын алды. Ол бүгінде №45 «Ақ-Орда» мектебінің 7-сынып оқушысы. Осыған дейін бала кезден жүрегі жыр деп соққан талапты жас аудандық басылымға қағазға түсірген қара өлеңдерін арқалап келіп, «жарыққа шығаруға жәрдем беріңіздерші» деген жас баланың қарымына қарап, қанатын қомдауды жөн көрген бас редактор Н.Пірімбет Байкеннің өлеңдерін жариялауға ерекше ықылас танытқан еді.
–Байкен кішкентайынан зерек, зейінді оқушы болып қалыптасты. Ақындардың жырларын жаттауға әуес болды. Міне, өзінің алғырлығының арқасында көркемсөз оқудан аудандық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Жыр жазуға да әуестігі бар. Келешекте өнерлі жан болып қалыптасады деген үмітіміз зор, – дейді ұстазы Айзат Нұрекеева. Бұған дейін жалынды жас оқушы көптеген байқаулардан үздік шығып келеді.

Шапағат ТІЛЕУБАЙ
29 мамыр 2021 ж. 502 0