Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

130 РУ


Ашаршылық жылдары, орта-ұсақ 130 рудың шежіресі тоқтапты. Яғни, осыншама тайпаның өкілдері арамызда жоқ. қазір, Сұмдық, иә? Иә дейміз де, қоямыз ғой.
Ал армяндар болса, кезіндегі түрік қуғынында жоғалтқан 10 процентін дау­лап, ол проблеманы әлемдік деңгейге көтеріп жіберді. Ал, қазақ болса 10 емес 70 процентінен айырылыпты. «Геноцид» деп жар салу былай тұрсын, аштық болды дегенді айта алмай жүрміз ғой.
Айтпақшы, 130 ру дегенді қайдан алдың дейсіз ғой?! Америкалық ғалым Сара Камэронның дерегінен алынды. Ол кісі – тура «пазл» секілді, мынадан кейін мынау деп, рулардың шежіресін құрастырған. 1933 жылға келгенде, қазақтың 130 руын таппай қапты. Анау шежіре парағында 130 рудың орны үңірейіп қалып кеткен ғой. Бұл шетелдіктің зерттеуі. Егер, шежірені өзіміз ақтарсақ, одан да үлкен шыңырауды көрер ме едік? Айтпақшы, біздің ашаршылықты қазақтан гөрі осы шетелдіктер әсіресе америкалық, польшалық ғалымдар көбірек зерттепті. Қызық, иә?!

Дайындаған Рамазан ӘНӘПИЯ
29 мамыр 2021 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930