Жұт жайлаған жұртым-ай
Тарих бетіндегі ақтаңдақтардың бірі 1921-1922 жылдардарғы кіші ашаршылық пен 1931-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық кезеңдері. Жалпы, Қазақстанда 1914 жылы жүргізілген санақта 6 млн. 920 мың қазақ болса, 1933 жылы оның саны 2 млн.нан сәл-ақ асқан. Оның себебі неде?
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер өкіметі билікке келіп, елді тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдар ұзаққа созылған қарсыз қыс, жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. Сол жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн.нан астам адам аштыққа ұшырады. Нақтырақ айтар болсақ, 1921-1922 жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай, шыққандары жазғы ыстықта қурап қалды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын артпаса кемімеді.1921 жылғы тамыздан бастап, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. Сол жылдары Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.
Ел билігіне қужақ Голощекин келген тұста «асыра сілтеу болмасын, аша-тұяқ қалмасын» саясаты белсенді түрде жүргізілгені анық. Міне, сол тұста шолақ белсенділер «ашатұяқ» тұрмақ, екі аяқты адамды да сау қалдырмауға тырысты. Айдады, атты, сатты, аштықтан қырды. Осындай нәубет тұсында жүн, тері, ет, сүйек, тұяқ, мүйіз сынды көңілге қонымсыз сорақы салықтар түрі де көбейе түсті. Міне, сондай сорақы әрі күлкілі салық түрлері ашыққан халықты түп-тамырымен құртып жіберуге сәл қалды. Есепсіз салық салдарынан аң аулап, сүйек жиған қазақты түрлі ауру жайлап, қырыла бастады.
Қазақ басынан өткерген нәубетті жылдарды жүрегі қарс айырыла отырып еске алады. Талғажау етер ас таппай, ашқұрсақ жүріп, босып кеткен 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтан қазақтың саны тағы да кеми түспеді ма? «Голощекиндік зұлматтың қазақ халқына алып келген шығыны əлем тарихында (пайыз есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы «қызыл кхмерлер» зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20 ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады», — деп жазады белгілі демограф М.Тəтімов пен тарихшы Т.Омарбеков.
Ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» дейді қазақ. Бірнеше жыл қатарынан орын алған, дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздың əбден сансырағаны анық. Сол бір қасіретті 1932-1933 жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам қаза тапты. 1992 жылы 31 мамырда жазушы Смағұл Елубаевтың «Алаш жұртына ашық хаты» жарияланған болатын. Онда 1932 жылғы қанды геноцид болмағанда, 1992 жылы қазақтың саны жер бетiнде 10 миллион емес, 30 миллионға жетiп жығылатындығы айтылды. Демограф Мақаш Тәтiмов марқұм сол жылдары «Егер 1932 жылғы ашаршылық сияқты зұлматқа тап келмеген болса, бүгiнде бiз әлем бойынша 30 миллион, өз iшiмiзде 25 миллионға жетер едiк» деген деректі алға тартты. Ал, кейбір деректерде қолдан жасалған қасірет болмағанда, қазақтың саны бүгінгі таңда 60 млн. болар еді делінген. Расында, салыстырып қарасаңыз: 30 жылдарға дейін қазақтан саны едәуір аз болған өзбек – қазіргі таңда 32 миллионды құрап отырған байтақ ел. Ендеше, бұл күн 18 млн. халқы бар Қазақстан халқы үшін миллиондаған қазақты аза тұтып, еске алар қаралы күн емес пе?
Г.ДҮЙСЕБАЕВА.