Зұлмат жылдар жұрт жадынан өшпейді
Мәңгілік елдігіміздің мұқым тарихында қалың Алаш жұртының қабырғасын қақырата сөгіп, ұлы нәубетке ұшыратқан зұлматты жылдардың естен кетпес ең ауырын Кеңестер үкіметінің билігі басымызға төндіргені шындық. 1919-1933 жылдары яғни, айналдырған 14 жылда қолдан жасалған кесірлі саяси науқанның әсерінен қазақ халқының 80 пайызға жуығы жойылып кетті. Ия, жойылып кетті. Аштан қырылды, атылды, асылды, жер аударылды әйтеуір, қолдан қасақана жасалған түрлі құйтырқы әрекеттердің әсерінен жойылып тынды. «Судың да сұрауы бар» – деп өскен қазақ баласының көк тиындық құны болмай, Атырау мен Алтайдың арасында сүйегі шашылып, ит-құсқа жем болып жатқанын тарихи деректер дәлелдеп бергелі де қашан.
Тарих тегершегін кері айналдырып, халқымыздың кейінгі өткен кезеңіне қанша қарасақ та жасампаз ұлтымыздың жадында бұндай зобалаңды жылдарды кездестіре алмаймыз.
Салыстырмалы түрде алып қарасақ, бұл жылдарғы зобалаңның жанында әйгілі деп жүрген 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының өзі жіп есе алмай қалады.
Бүкіл ресейлік 1897 жылғы санақта қазақ халқының саны барша түркі халықтарының ішінде Анадолы яғни, османлы түріктерінен кейінгі екінші орында тұрғандығы жайлы деректер бар. Өзіңіз саралай беріңіз. Бүгінгі Түркия республикасы халық саны 80 миллионнан асып жығылатын іргелі ел болған. Ал, сол кезеңде өзіміздің «өзбек өз ағам» – деп өбектеп жүрген бауырлас ұлтымыздың саны қазақ халқынан 5 есе аз болған екен. Есесіне бүгінде Өзбекстан мемлекетінің халық саны 30 миллионға жетті.
Қайран қазақ. Түркі ұлыстарының, хандықтарының, қағанаттарының құранды ру-тайпаларын құраған қазақ. Азуын айға білеп, арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетіп, арғы басы Ақ теңіз екінші шеті Сары теңіз аралығындағы ұланғайыр аймаққа ат ойнатып, «ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен» әлемге әмір жүргізген қазақ аз ғана жылда қор болып, ұлт ретінде жойылып тына жаздаған еді-ау. Неге? Қазақ неге бұлай жүндей түтіліп, жүнжіп, бордай тозып, босып кетті? Бақсақ, бағамдасақ бұл нәубеттің барлығы Алаш ұлының алауыздығынан, қазақ бектерінің қырғи-қабақ жауластығынан, өзара күндестігінен туындаған қасірет еді.
«Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?» – деп хәкім Абайша айтқанда береке-байлығымыз, бас аман-бауыр-бүтіндігіміз ауызбіршілігіміз кеткеннен кейін бұзылып еді-ау. Өзгеге қараған күннің қараң қалатынын тарих дәлелдеп берді. Осы зобалаңнан әлі күнге дейін орнымыздан тұра алмай, еңсе тіктеп, оңала алмай келе жатқанымыз өзекті өртейді. Қаралы жылдар. Қасіретті жылдар. Жадымыздан өшпек емес. Қалың қазақ ішінен қан жылай отырып, өткенге салауат айтқанымен ойсырай жоғалған жұрттың орны енді қайтіп толмайтыны өкінішті...
Мінекей, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде-ақ, яғни, 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болып жарияланды. Жазықсыз жазаланып, атылып, асылып, қуғын көрген құрбандар еске алынуда. Бұл үрдіс біздің қоғамда қалыптасқан дәстүрге айналды.
Республика, облыс, аудан, ауыл-аймақта 31 мамыр яғни, қаралы күн арнайы аталып өтіледі. Зобалаң, зұлмат жылдардың боздақтарына, олардың рухына құраннан дұға бағышталып жатады. Бұл дәстүр үзілмек емес.
Биыл да Шиелі халқы аталған күні орталық алаңда бас қосты. Шиелі кентінің М.Шоқай атындағы орталық алаңына таңғы сағат 9.00-де аудан азаматтары, ардагерлері, жас буын өкілдері бір мезгілде жиылып келді. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты митингі өтті. Кеңестер үкіметінің қанқұйлы көсемі Сталиннің тікелей бұйрығымен саяси-қуғын сүргінге ұшыраған жерлесіміз, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай ескерткішіне Шиелі халқы атынан аудан әкімі Әшім Оразбекұлы тағзым гүлін қоюмен шараның шымылдығы түрілді. №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицей оқушылары тақырыптық арнау өлеңдерін оқыды. Осыдан кейін нәубет жылдардың құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы сөз сөйлеп, қасіретті жылдары қазақ халқы бастан өткерген қиындықтарды баяндады.
– Біз бұл күнді қаралы күн деп атап өтіп, айрықша мән береміз. Бұл жылдар еліміздің әрбір шаңырағын шарпып өтіп, жазылмас жара салды. Орны толмас қайғы алып келді. 1919-22 ж.ж, 1930-32 ж.ж және 1937-38 жылдардағы саяси репрессияның зардабынан 4 млн. 200 мың, 1931-33 жылдардағы арнайы ұйымдастырылған ашаршылық зобалаңынан 1 млн. 750 мың адам көз жұмды. Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінен 200 мыңдай адам қайтыс болды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Тіптен, халық «жауларының» ұрпақтарына дейін жылдар бойы қуғын-сүргінде болды. Аталған тарихи кезеңде облыс бойынша 4234 адам жауапқа тартылып, 526 адам ату жазасына кесілген. Бүгінгі еске алу шарасы өткізіліп отырған алаштың арысы М.Шоқай атындағы алаңдағы бабамыздың ескерткіші 1931-32 жылдардағы аштық пен 1937-38 жылдардағы саяси-қуғын сүргін құрбаны болған азаматтарымыздың рухына қойылған мәңгілік тағзым. Олардың есімдерін ұлықтап, еңбектерін дәріптеп, өмір жолдарын насихаттау, рухына тағзым ету – баршамыздың міндетіміз. Тарихты таразыламай, болашаққа қадам басу мүмкін емес. Ата-баба арманын асқақтатып, ата-қонысқа иелік етіп, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген жастар кешегі күннен сабақ алып, өнегесін өрістетеді деп сенемін. Жасампаз халық жасасын! – деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.
Нәубет құрбандарының ұрпақтары атынан аудан ардагері Болат Медетбеков пен кәріс ұлтының өкілі Аида Цой сөз сөйледі. Құрбандар рухына бағыштап, «Оқшы ата» мешітінің бас имамы Рахат Ахметов құран оқыды.
Жуырда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының отырысында сенатор жерлесіміз Мұрат Бақтиярұлы Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауалын жариялады. Онда Үкімет деңгейінде қуғын-сүргіндердің қасіретіне және ашаршылық құрбандарына ресми құқықтық, саяси баға берілетін арнайы шешім шығарылуы керектігін, ашаршылықтың құрбаны болған отандастарымыздың біртұтас мемлекеттік реестрін жасау және ашаршылық мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы талап қойылды.
Қазақта «орнында бар оңалар» – деген аталы сөз бар. Шүкір делік. Ел аман, жұрт тыныш. Бейбітшілік заман. Еліміз тәуелсіз. Бас, сөз, өз бастандығымыз өзімізде. Қазақ көрген кешегі мехнат, зұлмат-зобалаң енді қайтып келмесін. Болашақ ұрпақ оны көрмесін. Бүгінгі барды бағалап, ел мен жердің бірлігін, ағайынның татулығын сақтап, тентекті тиып, бұзықты-түзеп отырсақ, бас аман,
бауыр бүтін болса, ел іргесі сөгілмесе, ырыс-несібеміз төгілмесі анық.
Нұрболат Сәдуақасұлы.