Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рулардың атымен аталатын ас мәзірі көпшілікті таңырқатты

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі көпшілікті таңырқатты

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Отандық тамақтану орындарында клиент тартудың жаңа әдісі пайда болды. Енді ас мәзіріне қазақ руларының есімі беріле бастады. Бұл туралы қазақстандық тұрғын Айдос Жұқанұлы Facebook желі парақшасында жария етті.
"Қайсысын жейін? Шапыраштыны ма, найманды ма?" деп жазған ол ас мәзірінің фотосын желіге жүктеді.
Ас мәзірінде салаттың бірнеше түрі құрамымен көрсетілгенін байқауға болады. Мұны көрген желідегілер өз руларын іздеп, тіпті "әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне" деген секілді пікірлерін жаудырды.
Айтпақшы, автор бұл еліміздің қай өңіріндегі мейрамхана мәзірі екеніне тоқталмаған.
09 сәуір 2018 ж. 2 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30