Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Ashyq қосымшасы жұмысында мәртебені анықтау бойынша техникалық ақаулар пайда болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық ақаулар себебі анықталып жатқанын хабарлады, деп жазды Tengrinews.kz. Ақау анықталып, жойылғанға дейін пайдаланушыларға балама әдіс ретінде Aitu қосымшасы ұсынылды. «Бірнеше апта бұрын BTS Ashyq-ты Aitu қосымшасына біріктіруді ұсынды. Біз келістік. Неліктен Aitu? Біріншіден, BTS мемлекетпен жұмыс істейді. Яғни, оларда жарияламау және деректердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы қол қойылған меморандумдар бар. Екіншіден, Aitu-да республикалық база деректері жоқ, ол тек ақпарат алады. Қазір Aitu пилоттық режимде жұмыс істейді», - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов. Aitu қосымшасына сілтеме арқылы өте аласыз. Әрі қарай «қолданбалар» бөлімінде Ashyq қосымшасын орнату керек. Aitu қосымшасында Ashyq бұрынғы режимде жұмыс істейді.

https://24.kz​​​


20 мамыр 2021 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

№89 (9356)

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031