Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік сертификаты бір айда 130 мың кибершабуылдан қорғады

Қауіпсіздік сертификаты бір айда 130 мың кибершабуылдан қорғады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату мәселесіне қатысты айтты.

"Ұялы телефоныма SMS хабарлама келді. Сертифкатты орнаттым. Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет деген сұраққа келсек, бүгінде интернетте түрлі құқыққа қарсы контенттер көп. Одан бөлек бір күнде мыңдаған кибершабуыл жасалады. Интернет қауіптердің қатарына суицидке, экстремистік және террористік қимылдарға насихаттау және басқа да ҚР заңнамасына кері әсерін тигізетін контенттер жатады", - деді Жұмағалиев.
Ол қауіпсіздік сертификаты интернет қолданушыларын түрлі кибервирустардан қорғайтынын айтты. 
"Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын 1,5 жылдан бері қолданып келеді. Соңғы бір айда қауіпсіздік сертификаты 8 миллионнан астам вирус белсенділігі фактісін анықтап, 130 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен мекемелерді кибершабуылдан қорғады. Біз, әрине, мемлекеттік қызметшілер қауіпсіздік сертификатымен өз еркімізбен жұмыс жасай береміз. Қаласаңыздар, қорғаныңыздар. Мемлекет осыған қатысты іс-әрекет жасады", - деді министр.
Бұған дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтан ұялы телефонына қауіпсіздік сертификатын орнату үшін SMS күтіп жүргенін айтқан болатын.

26 шілде 2019 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930