Әскерилердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті


Байқаудың негізгі мақсаты – келер ұрпақтың бойында Отанға деген махаббат пен рухты ояту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, дарынды жастарға қолдау көрсету және балалардың бойындағы төл тарихқа деген құрметін қалыптастыру.
- Сурет салу сайысы балалар үшін өте қызықты, жауапты байқаулардың бірі. Балалардың ішінде осыған дейін сурет салудан жүлдеге ие болғандары да кездесті. Бір қуантары қатысушы балалар саны алдағы сайыстарға қарағанда анағұрлым артқан. Балаларымызға тек жеңіс тілейміз, – деді Қызылорда қаласы ҚІЖБ әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырушысы Ақгүл Бердібаева.
Әділқазы алқаларының шешімдерімен бес баланың салған суреттері жоғары бағаланып, сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Әрі қарай үздіктердің қатарынан көрінген туындылар Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтіліп, жеңімпаздар анықталатын болады.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
сержант Мұхит Қонаров