Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлік көрсеткен ерлер марапатталды

Ерлік көрсеткен ерлер марапатталды

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір ­сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Қазақ әскерінің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Е.Апетов ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 29 жыл толуымен және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, «Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен «Ұлы Отан» соғысы, «Ауған соғысының» отты жолдарынан өткен және басқа да «Чернобыль» апаты зардаптарын жоюға, «Тәжік-Ауған» шекарасындағы бітімгерлік миссиясын орындаған жауынгерлер рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді. Бірақ, Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, жауынгерлік рухымыз қалпын бұзбайды», – деді Е.Апетов.

Қазіргі таңда ауданнан әскери ­­оқу орын­­дарына түсуге сұраныс көбейіп келеді. Жасұлан республикалық мектебінде 7 ұлан, Құрлық әскерлерінің Әскери инс­титутында 3 жас, кадет корпустарында 3 жас білім алып жатыр. Сондай-ақ, биылғы жылдың өзінде ауданнан әскер қатарына 42 сарбаз аттанып, бүгінгі күні 202 аудан жастары мерзімді әскери борышын өтеуде.

«Біздің тәуелсіз­дігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді көздің қарашығындай күзетіп, халқымызға қорған болған әскеріміздің айбыны арта берсін» дей отырып, Е.Апетов аудандағы түрлі сала мамандары мен «Ауған», «Тәжік-ауған», «Чернобыль» апатынан құтқаруға қатысқан ардагерлерге аудан әкімнің алғыс хатын табыстап, естелік суретке түсті.


Ақбота БАЯБАЙ


07 мамыр 2021 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31