Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинаны егу маусымдық шараға айнала ма?

Вакцинаны егу маусымдық шараға айнала ма?

BAQ.KZ. Бұл туралы инфекционист Ләззат Ералиева «Experts Hub Kazakhstan» жобасының сарапшылары қатысқан COVID-19 індетіне қарсы вакциналау жөніндегі ең маңызды сұрақтарға жауаптар бойынша өткен дөңгелек үстелде айтты.

Қазіргі бар вакциналардың барлығы коронавирустың барлық штамынан қорғайды деп есептеймін. Қазір болып жатқан мутациялар вакциналардың құрамындағы қалқанша ақуызына әсер етпейді. Ол біздің ағзамызда иммунитет қалыптастырады. Вакциналардың тиімділігі бәрібір жоғары деңгейде сақталады, - деді Ералиева.

Ол атағандай, халық сол себепті де вакцинациялауды белсенді өтуі керек.

Коронавирусқа мутация жасауға мүмкіндік бермеу керек. Қазір де қалыптасып жатқан мутациялар вакциналарға әсер ете алмайды. Қазір қазақстандық, ресейлік вакцина бар. Бір-екі күнде қытайлық вакцина айналымға енеді. Коронавирус мутацияланып жатады. Оның маусымдық болуын уақыт көрсетеді, - деді ол.

Ләззат Ералиева айтқандай, мысалы, тұмаудың штамдары жыл сайын өзгеріп отырады.

Өндірушілер де жыл сайын вакцинаның құрамын өзгертіп отырады. Бұл коронавируспен де қайталанып, маусымдық вирусқа айналса, жыл сайын вакцина салдыруға тура келеді, - деді маман.

Бұған дейін Қаукенова антидене қандай деңгейде болса да, екпе алу керек екенін айтты.
05 мамыр 2021 ж. 387 0