Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусқа қарсы екпені жыл сайын алуға тура келеді - J&J басшысы

Коронавирусқа қарсы екпені жыл сайын алуға тура келеді - J&J басшысы

Фото: elements.envato.comJohnson&Johnson компаниясының басшысы Алекс Горски алдағы бірнеше жылда адамдарға жыл сайын тұмау сияқты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға тура келетінін жоққа шығармады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Менің ойымша, адамдардың көбі біз тұмауға қарсы екпе сияқты COVID-19-ға да вакцинаны бірнеше жыл бойы аламыз дегенге келіседі. Біз бүгін осы вакциналардың құрамында не болатынын білмейміз деп ойлаймын. Бірақ бәріміз онымен бірге өмір сүретін болашақты елестете аламыз", - деді Горски CNBC-ге берген сұхбатында.
Johnson & Johnson корпорациясы АҚШ реттеушісіне коронавирусқа қарсы вакцинасын тіркеуге өтініш берген болатын. 
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялаған еді.
Бұған дейін ДДҰ әлемде COVID-19-дың жаңа жағдайлары мен одан қайтыс болғандар саны күннен күнге азайып келе жатқанын, алайда коронавирустың "ұлыбританиялық", "Оңтүстік африкалық" және "бразилиялық/жапониялық" штамдары анықталған елдер саны көбейгенін мәлімдеген болатын.


10 ақпан 2021 ж. 349 0