БҰЛ –ЖОСПАРЛЫ ҚАДАМ
Наурыздың 5-інде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламенті палаталарының бірлескен отырысына келіп, халықтың әл-ауқатын көтеру жолындағы «бес әлеуметтік бастамамен» таныстырды. Президент сөз арасында тарихи жағдайларды да меңзеп отырды. Табысымыз еселеніп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарламада халық болып қолдаған нақты тапсырмалар берілді. Президент ұсынған бес әлеуметтік бастамада халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысы аздар үшін салық мөлшерлемесін өзгерту жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасы, шағын несиелендіруді арттыру және көгілдір отынмен қамтамасыз ету сынды маңызды міндеттер алдағы уақытта да өз күшін жоймақ емес. Елбасы көтерген қай бастама болсын бұқарадан барынша қолдау тауып келеді. Ұлт Көшбасшысының Үндеуіне үн қосқан қазақстандықтардың пікірі бір арнада тоғысып жатты.
Ел мүддесі ескерілген бес бастамада кәсіпкерлікке қолдау да тыс қалмады. Мемлекеттің жаңа қадамдары әр отандасымызға игі әсер етпек. Елбасы өз сөзінде «Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана жүзеге асады» деп қадап айтты. Тұрақтылықтың мекені – Қазақстан бұл белесті де бағындырары анық. Жұдырық болып жұмылып, бір жеңнен қол шығарып нәтижелі тірлік ете білуіміз шарт.
Данияр ДҮЙСЕБАЕВ,
«Асылхан» ШҚ төрағасы.