ОТБАСЫНЫҢ ҰЛЫҒЫ – ӘКЕ, ҰЙЫТҚЫСЫ – АНА
Ата мен ана – отбасының екі іргетасы. Олар – жарық дүниедегі бізге ең жақын, қадірлі, қамқоршы, жанашыр адамдар. Адамның адамгершілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Біздің бабамыз отбасындағы ананың орнын сыйлап, қастерлеп, мейіріммен қараған. Көңіліне қарап, жақсылық жасап, ақ батасын алып қалуға тырысқан. Себебі, олар «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Аллаһтың қаһары – ата-ананың ашуында» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін өмірлік ұстанымдарына айналдырған еді. Сонымен қатар, адамзатқа жіберілген соңғы қасиетті кітапта жер мен көкті алты күнде жаратқан Алла тағала ата-ананың ақысына ерекше назар аударған. Онда: «Менің құзырыма ата-ананың ақысын аяқасты етіп емес, қайта олардың ризашылығына бөленіп, ақ батасын алып, келіңдер!» – деп бұйырған. Ал, адамзатты қараңғылықтан жарыққа шығарған пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) ата-ананы жәннаттың қақпасына теңеген екен. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ананы ардақтауды өсиет еткен көптеген хадистерін кезіктіре аламыз.
«Исра» сүресінің 23-аятында Аллаһ тағала: «Раббың тек қана өзіне құлшылық, ата-анаға жақсылық жасауды бұйырды», – деп құлшылық жасау секілді, ата-анаға жақсылық жасауды да парыз екенін жеткізеді. Соның бірінде: «Аллаһ тағала сендерге алдымен аналарыңа, сосын әкелеріңе, одан кейін барып туған-туыстарыңа жақсылық жасаңдар», – деп ананы бірінші орынға қояды.
Қабыл болу ықтималдығы ең жоғарғы дұғалардың бірі жазықсыз жәбірленген жанның дұғасы болса, екіншісі жолаушының дұғасы. Ал, үшіншісі ол – ата-ананың дұғасы екен.
Бірде Мұса Пайғамбар Аллаға жалбарынып, өзінің жұмақтағы көршісі кім екенін білгісі келіпті. Сонда Жәбірейіл періште келіп: «Пәлен деген қаланың түген деген ауылындағы бір қасапшы сенің жұмақтағы көршің болады», –дейді. Мұны естіген Мұса Пайғамбар сол қасапшыны көргенше тынбайды. Ел асып, табаны тозып, сол елді мекенге барып, қасапшыны кезіктіреді. Алыстан келген қонақты қасапшы үйіне әкеліп қонақ етеді. Бірақ үйге келісімен: «Қонағым, жайғасып отыра тұр. Менің өте тығыз шаруам бар» деп, көрші бөлмеге шығып кетеді. Мұсаның санасы санға бөлінеді. Бұл қасапшы не істейді екен? Жұмақта Пайғамбармен бірге болатындай қандай іс амалы бар екен деген ой мазалай береді. Сол-ақ екен, қасапшы мейіздей боп қартайған, жасы жүзден асқан бір кейуана қартты қолымен көтеріп әкеліп, дастарқанға отырғызады. Дереу-дереу әкелген тамағын жегізе бастайды.
«Бұл кім?» дейді пайғамбар. «Менің алтын анам» дейді қасапшы.
Міне, мәселе сонда ғана белгілі болады. Ана! Ананың қызметі жай адамды Пайғамбармен бірге жұмаққа кіргізеді.
Иә, ана туралы қаншама ғұламалар өз еңбектерінің арқауына айналдырса да, түбіне жеткен емес. Әсте, біз де солай. Кейде анасын ардақтамай, әкесінің сөзіне құлақ аспайтындар туралы естіп жатамыз. Осы жастардың ата-анасының, қасында жүрген жұмағының қадірін түсінсе деген ниет.
Ораз қажы Мысырханов,
«Ы.Жақаев» мешітінің
имамы.