Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.




5 сәуір күні Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысында кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ығысып, күндіз кейде 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 5-7 сәуірде тұман, 5-6 сәуір күндері түнде кей жерлерде көктайғақ болып, 5 сәуірде күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. 6-7 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с солтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі. Таразда 5-7 сәуір күндері таңертең тұман болып, 5 сәуір күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. 5 күні, 6 сәуір күндіз оңтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, кейде 23 м/с.
5 сәуірде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болды. Оралда таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болмақ. Жел оңтүстік-батыс, батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, батыстан соғатын жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Шымкентте кейде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын жел екпіні түнде 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістанда таңертең бұршақ жауып, күн күркіреуі күтіледі.




© egemen.kz
03 сәуір 2021 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930