Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тұман, көктайғақ, жел": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

"Тұман, көктайғақ, жел": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды


Ертең Қазақстанның бірқатар өңірінде аса қолайсыз ауа райы күтілуде. Қай облыстарда дауылды алдын ала ескерту жарияланғанын "Қазгидрометтің" ресми сайтында хабарланды.
Синоптиктер болжамына сәйкес, Жамбыл облысында 19-20 ақпанда кей уақытта тұман, 20 ақпанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 18, тәулік бойы 19, түнде 20 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 19 ақпанда кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 18 ақпанда Маңғыстау облысының түнде кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 18 ақпанда көктайғақ күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды 18-19 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 18-19 ақпанда тұман күтіледі. Түнде 18 ақпанда Атырау облысының көп бөлігінде қар. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде көп бөлігінде, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: түнде 18 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты (жаңбыр, кар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с. Қостанай қ.: Күндіз 18 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Еліміздің алты өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Түнде 18 ақпанда Ақтөбе облысында қатты қар күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: түнде 18 ақпанда жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 18 ақпанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болмақ. 17 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Нұр-Сұлтанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасының 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі. Синоптиктер елімізде дауылды ескерту жариялады

kaz.nur.kz
18 ақпан 2021 ж. 428 0