Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі көптің – өнбегі көп

Еңбегі көптің – өнбегі көп


Әлемді көркейтіп жандандыратын көктем мезгілі де келді. Жердің тоңы еріп, бәйшешектер гүлдеп, жеміс ағаштары бүршік атып жайқалатын сәт. Қыс бойы сайманын дайындап, диқаншылар да егістік алқабына білек сыбана кірісетін уақыт. Көктемнің көркін, жер ананың сәнін де кіргізетін – осы диқаншылар. Күннің ыстық-суығында үздіксіз жер жыртып, егіс алқабына көзінің қарашығындай қарап, оны баптап тынбай еңбек ететін диқаншылардың биылғы қанжығасы қандай болмақ? Міне, осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Былтыр ауданымызда 29 151 гектар жерге егін егілді. Ал, 1100 гектар жерге күздік бидай және 330 гектар жерге жаздық бидай егілген. 75 гектарға тары өнімі егілсе, майлы дақылдардан 1100 гектар мақсары, 70 гектар соя егілген болатын. Сондай-ақ, былтырғы жылы 3025 гектар жерге жаңа жоңышқа, 5448 гектарға ескі жоңышқа егілген. Ал, 1700 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарына 4897 гектарға ұлғайтқан болатын. Сыр күріші дақылының жалпы үлесі – 13000 гектар. Сонымен қатар, былтыр «Бидайкөл» шаруа қожалығы 1100 гектарға жуық күріш еккен болса, биыл судың тапшылығына байланыс­ты «Бидайкөл» шаруа қожалығы 1000 гектар жерге күріш егіледі деп жоспарлап отыр.
– Былтыр күз мезгілінде 200 гектарға бидай егілді. Осы жылы жоңышқаны көбейтіп жатырмыз. Мақсатымыз үлескерлерімізге молынан шөп берсек деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біздің шаруашылық жаңа техникалармен жабдықталған. Жер тегістейтін «джодж» деген тракторларымыз және конбайындарымыз бар. Шаруашылықта техникалар жеткілікті. Бәрі жұмысқа сақадай сай тұр, – дейді «Бидайкөл» шаруа қожалығының бригадирі Батырхан Мәмбетов.
«Бидайкөл» шаруа қожалығында 100-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Мұнда 1184 адамның жер үлесі бар. Үлескерлерге 100 дана жоңышқа пресс шөптен таратып 300 гектар жер ұжым қызметкерлеріне бақша дақылдарын егуге берілген. Жұмысшылардың жалақылары да дер кезінде аударылып келеді. Сонымен қатар жыл соңында диқаншыларға арнайы сыйақы үлестіру де шаруашылық тарапынан қарастырылған.
– Қазіргі таңда, су тапшылығы өте қиын соғып тұр. Су жетпейді. Жетпеген жерлерге арнайы су айдағыш матормен су әкелуге мәжбүрміз. Мұның өзі бізге екі жұмыс болып отыр. Егіннің суын ауыстыратын кезде қиынға соғады. Өткен жылы да қиындықтар болды. Бірақ көңілден шығатындай жер анадан өнім алдық, – дейді «Бидайкөл» шаруа қожалығының орынбасары Асылбек Жұматайұлы.

P.S. «Еңбегі көптің – өнбегі көп» демекші, маңдай тердің үміті ақталғаны жақсы ғой. Былтырғы күріш өнімі көңіл көншітерлік. Әр гектардан 58 центнерден күріш алу қажырлы еңбекті талап ететіні белгілі. Ал, биылғы шаруашылықтың қанжығасы майланып, саймандары сайланып тұрсын деген ізгі ілтипатымыз бар.
Дархан Байтілес

02 сәуір 2021 ж. 1 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031