Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік тұрғын Қазақстанға көшіп, нағыз қазақ келіні атанды

Ресейлік тұрғын Қазақстанға көшіп, нағыз қазақ келіні атанды

© 24.kz 
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Марина Тебенькованың келін болып түскеніне 35 жыл болды. Ресейдің Киров облысының тумасы Қазақстанға 1980-жылдары келіп, осы жерде қалып қойған. "Хабар 24" телеарнасы әйел адам туралы сюжет дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марина қазақ тілінде еркін сөйлейді, ұлттық тағамдарды әзірлеп, қазақтың барлық салт-дәстүрін біледі. 
"Анамнан ерте жасымнан айырылдым. Оның орнын енем басты. Мені қазақ келіні деп тәрбиеледі. Өзі білгеннің бәрін үйретті. Күйеуімнің інісі - қайным маған қазақ тілін үйретті, ал мен оған орыс тілін үйреттім. Солай өмір сүрдік. Отбасымыз тату болатын", - дейді ол.   
Марина ет асуды, шай құйып, бауырсақ пісіруді де үйренген. Бүгінде ол екі баланың анасы. Күйеуімен он жыл бірге тұрған. 
"Ол біздің барлық дәстүрімізді білетін. Қара шаңырақты қарай білді. Оны жақындары, әріптестері, ауылдастары құрметтейді. Ол нағыз қазақ келіні. Біз оны жақсы көреміз", - дейді Маринаның қайын әпкесі Бекзада Жүсіпәлиева. 

[media=https://www.youtube.com/watch?v=fzblWuMrEW8&t=3s]

kaz.tengrinews.kz
10 наурыз 2021 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930