Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледждегі чемпионат

Колледждегі чемпионат


Төртінші наурыз күні Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы «World Skills College – 2021» колледжішілік кәсіби шеберлік сайысы өтті. Бұл шараға колледжден 5 құзыреттілік бойынша 25 студент қатысып отыр.
Сайысқа Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Еркін Тұрабаев, Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық оқу орталығы кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Бақдәулет Дүрманов, Шиелі аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлназ Әлқайыр, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Қанат Шоманов қатысты. Алдымен колледж директоры Мейрамхан Дүйсенов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң сайыстың әділ өтуін, жұмыстың жетекшілерінсіз жасалуын қадағалайтын сарапшылар Шиелі электр тарату торабы мекемесінің инженері Досбол Мұсаханов, Компания КНК киминал мекемесінің энергетигі Ұлан Тасжанов, кәсіпкер «Тоғжан» тігін цехының меңгерушісі Тоғжан Мусаева, «Шиелі Жолшы» ЖШС бас инженері Бауыржан Төлегенов, «Байсын» шаруа қожалығы Елдос Есжанов, «Ақтілек» мейрамханасының меңгерушісі Жанар Құлахметова таныстырылып, «көрісу, наурыз, құдалық» салт-дәстүрлерінен сахналық көрніс қойды. Одан әрі жергілікті ақын, сазгер Өркен Исмаилдың әні мен сөзіне жазылған «Колледж жастарының әні» әнұранын Жалғас Қуандық орындады.
«WorldSkills Сollege – 2021» сайысы «Өзін-өзі таныстыру», «Кәсіби шеберлігі» бойынша 2 кезеңнен өтті. Сайысқа «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша Нұртілеу Ибрагимов, Диас Әбдіғаппар, Абылайхан Ауелбеков, Досжан Балтабай, Айдар Жұмағазиев қатысса, «Аспаз ісі» бойынша Гүлназ Есенгелдіқызы, Іңкәр Асқарбек, Айжан Мырзабаева, Ұлжан Айтбаева, Эльмира Балтабаева, «Электромонтаж» бойынша Ералы Абдухалыков, Арсен Қалиев, Нұрболат Асқарбек, Рамазан Әлжан, Бейбіт Қалжігітов бақ сынады. Ал «Киім дизайны және модельдеу» бойынша Қамарсұлу Сатыбалды, Айсана Шекербек, Жұлдызай Нысанбаева, Сымбат Шүкірбай, Қымбат Досжанова, «Ауыл шаруашылығы машиналарымен тракторларын жөндеуші» бойынша Медіқатқасым Әбілқасымұлы, Сұлтанбек Есенбеков, Бекзат Жұмабек, Бауыржан Пернебеков, Мади Пернебеков өнерін ортаға салды. Барлық сайысқа қатысушы студенттер шеберханаларында берілген тапсырмаларын атқарды. Ал сарапшылар бақылап, әділ бағасын қойды және сарапшылар мен төрағалық еткен қонақтардың шешімімен «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша Айдар Жұмағазиев, «Аспаз ісі» бойынша Айжан Мырзабаева, «Электромонтаж» бойынша Ералы Абдухалыков, «Киім дизайны және модельдеу» бойынша Айсана Шекербек, «Ауыл шаруашылығы машиналарымен тракторларын жөндеуші» бойынша Мади Пернебеков қатарластарынан оза шауып, оқу орнын бітірген соң өз өсінің шеберлері болатындарын іспен дәлелдеді.
Қазіргі заман талабына сай білікті маман әзірлеу мақсатында «Жас маман» жобасы аясында 600 колледждің ішінен 180 кәсіптік оқу орны таңдап алынған. Облысымыздағы 4 колледждің бірі болып Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі осы «Жас маман» жобасы шеңберінде «Дәнекерлеу-ісі» және «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» мамандықтары бойынша іріктеу конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл «Дәнекерлеу–ісі» мамандығы бойынша шеберханаға арналған жабдықтарды «State Trade & Protect» мекемесі, «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» мамандығының шеберханасына арналған жабдықтарды ЖШС «Образовательные технологии Production KZ» мекемесі әкеліп, жартылай автоматты дәнекерлеу аппараты, аргон доғалы дәнекерлеу апараты, плазмалық кесу апараты, дәнекерлеу столы, дәнекерлеу кезінде бөлінетін улы газдарды соруға арналған апарат, тринажор апараты, трубаларды ию апарты, дәнекерлеушіге жұмыс жасауға ыңғайлы позицианер апараты, жонуға арналған құрылғыларын орнатқан. Колледж директоры Мейрамхан Дүйсенов студенттерге сәттілік тілей отырып, білікті маман атану үшін жағдай жасайтынын, теорияны практика жүзінде іске асыру үшін керемет мүмкіндік екенін атап өтті. Арнайы апараттарды Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров пен Қызылорда облысы білім басқармасының кәсіптік техникалық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев салтанатты рәсіммен қызыл лентаны қиып, ашты. Сондай-ақ колледж директоры Мейрамхан Дүйсенов оқу ғимаратындағы қонақ үй, жылыжай, түрлі шеберханаларды көрсетіп, таныстырды. Жылыжайдан шыққан қызанақ пен қиярды базар бағасынан әлдеқайда төмен сататындарын, арнайы киімдерге сұраныстың жоғары екенін, алдағы уақытта оқушылар киіміне де тапсырыс алуды көздеп отырғандарын айта кетті.
Теориялық білім мен практикалық тәжірибе жинау үшін барлық жағдай жасалғаны көңілді қуантады. Барлық кабинеттер интерактивті тақтамен, компьютермен, сала мамандықтары бойынша кітаптармен қамтамасыз етілген. Мұнымен қоса студенттер сабақтан тыс уақытта түрлі шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсете алады.

Ақбота Баянбай
09 наурыз 2021 ж. 330 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 58

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031