Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «World Skills College -2020» сайысы болып өтті

«World Skills College -2020» сайысы болып өтті

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби шеберлік чемпионаты «World Skills College -2020» колледжішілік сайысы болып өтті.
Сайысқа колледжден 6 құзыреттілік бойынша 30 студент қатысты. 
Сайысқа облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Ұлан Танманбет бақылаушы болып келді. Бас сарапшы «Тоғжан» тігін цехының меңгерушісі Мусаева Тоғжан Барлыбайқызы, сарапшылар: «Атамұра» ШҚ төрағасы - Сареке Шопанбек Шыныбекұлы, «Байсын» ШҚ төрағасы- Есжанов Аятжан Тәшімұлы, Шиелі электр тарату торабы мекемесінің инженері Жұманқұлов Ғабит Қуандықұлы, «Ақтілек» мейрамханасының меңгерушісі Құлахметова Жанар Қойшыбекқызы, «Шиелі Жолшы» ЖШС бас инженері Төлегенов Бауыржан Тұрсынбайұлы, «Ел құрылысы» Сервис ЖШС инженері Сәрсенов Оралбай Қошқарұлы білім алушылардың білімдерін саралады. Сайыс жеңімпаздары дипломмен марапатталып, алдағы уақытта болатын облыстық «World Skills College -2020» байқауына жолдама алды.
19 ақпан 2020 ж. 755 0