Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұзақ өмір сүру мен көк шайдың байланысы

Ұзақ өмір сүру мен көк шайдың байланысы

Жапон ғалымдары қант диабетіне шалдыққандарға көк шай мен кофенің пайдасы мол екенін айтады. Бұл жайлы зерттеуді ғалымдар BMJ Open Diabetes Research & Care журналында жариялаған екен.
Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, көк шай мен кофе қант диабетінің 2-типіне шалдыққандарға өте қажет. Мұндай тұжырымға олар диабетпен ауыратын 5 мың адамға тәжірибе жасау арқылы келген. Ғылыми бақылауды 5 жыл бойы жүргізген.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күніне 1 шыны көк шай ішкендердің өлім жағдайы 15%-ға, 2-3 шыны ішкендер – 27%, 4 шыны ішкендер – 40% кеміген. Күніне 1 шыны кофе ішкендер 19%, 2 шыны ішкендер – 4% азайған.
Ал көк шай мен кофені кезек-кезек ішкендердің көрсеткіші одан да жоғары болған екен:
- Күніне 2-3 шыны көк шай мен 2 шыны кофе ішкендердің өлім жағдайы 51%-ға;
- Күніне 4 шыны көк шай мен бір шыны кофе ішкендер – 58%;
- Күніне 4 шыны көк шай мен 2 шыны кофе ішкендер – 63% дейін азайған.
Ғалымдардың айтуынша, зерттеу бақылау арқылы жасалғандықтан, адамның өмірі кофе мен көк шайға тікелей байланысты дегенді білдірмейді. Алайда көк шай мен кофенің құрамында антиоксидант пен қабынуға қарсы тұрар компоненттер бар. Ерте өлімнің алдын алуға көмектесетін осылар болуы мүмкін.
02 наурыз 2021 ж. 219 0