Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кофе зиян ба?

Кофе зиян ба?


Лондондағы Queen Mary университеті кофені ұнататындар арасында зерттеу жүргізген. Бұл туралы Kurier басылымы жазды. Ғалымдар зерттеу барысында 8 412 адамды бақылаған. Оларды үш топқа бөліп, әрқайсысы кофені белгілі бір мөлшерде ішкен. Бірінші топ күніне бір шыны, екінші топ үш шыныдан ішсе, ал үшінші топтағыларға шектеу қойылмаған. Олардың кейбіреуі күніне 25 шыныдан ішкен. Алайда мамандар зерттеу барысында күніне бір шыны кофе ішкендер мен өзіне шектеу қоймағандардың қан құрамынан еш айырмашылық байқамаған. Зерттеуге қатысушылардың барлығы МРТ арқылы жүректерін тексертіп, арнайы инфракүлгін датчиктер арқылы пульстерін өлшеткенімен мамандар кофенің зияндылығын анықтай алмаған. Дегенмен дәрігерлер кофені көп ішпеуге кеңес береді. Жуырда Оңтүстік Аустралия университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуіне сәйкес күніне 6 шыныдан артық кофе ішпеу керектіген, одан асқан жағдайда ағзаға күш түсетінін анықтаған. Себебі әр адамның гені мен ағзасы әр түрлі келеді.  Кофенің пайдасы да жоқ емес. Бұл ыстық сусын жүрек бұлшықетіне әсерін зерттеп, бүкіл денеге оң әсерін тигізеді. Кофені қалыпты тұтыну инсульт пен жүрек-қантамыр ауруларын азайтады екен. 

Massaget.kz
11 маусым 2019 ж. 1 097 0