Ел жұмылса көлді көтеріп әкеледі
Алғыс айту мерекесі – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған дархан көңіл қазақ халқына алғыс айтады.
Мен де қазақ халқына деген алғысымды білдіріп, бірлік пен татулықтың бағасының қымбат екендігін айтпақпын. Ұлтым бөлек болғанымен Қазақстанның тағдыры, өсіп-өркендеу жолы мені толғандырады. Татар ұлтында «Күмәк күтәрсә, күлне күчерер» деген мақал бар. «Ел жұмылса көлді көтеріп әкеледі» деген мағынаны білдіреді. Сіздер де осыған ұқсас «Көп түкірсе көл» деген мақал бар екен. Айтпағым осынау 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ел жоқ әлемде. Татулықтың қадірін біліп, жұмыла қызмет қылсақ Қазақстанды одан әрі көркейтеміз. Мен қазір Шиелі ауданында №13 Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті, азаматтық қорғау күшінің кіші сержантымын. Айналамда қазақ ұлтының көптеген азаматтары жұмыс жасайды. Байқағаным олар менің ұлтымды біле тұра көкіректен итеріп, бөтенсіген емес, керісінше жақын тартып дос болуға тырысады. Осыншама құрмет пен сыйластықты көрген мен қалайша қазақ халқына теріс пікірде боламын. Алғыс айту күнінде осылай жүрек жарды тілегімді білдіруге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Мереке ғасырдан ғасырға жалғасып, кейінгі ұрпақта осындай сыйластықта, бірлікте өмір сүрсе деймін.
Насибуллина Мариям Равильевна
аудандық №13 Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті, азаматтық қорғау кіші сержанты.
Татар ұлтының өкілі
аудандық №13 Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті, азаматтық қорғау кіші сержанты.
Татар ұлтының өкілі