Пейілі кең халыққа алғыс айтамын
Мен Татьяна Ушакова орыс ұлты өкілі ретінде барша Қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Қазақ халқының біз сияқты өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, тіпті қиын кезде пана болғаны үшін қазақтарға алғысым шексіз.
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесінің маңызы ерекше. Қазақ халқы ашаршылықтың, соғыстың зардабын тартса да, жер аударылып келгендерді сыртқа тепкен жоқ. Қолындағы барымен бөлісіп, көмек беруге тырысқан халқыма алғысымды білідіремін. Мен үшін Шиелі топырағы ерекше ыстық, балалық шағымыз осы ауданда өтті. Қазақтар бізді өсірді, тәрбиеледі, жеткізді. Ес білгеннен аулаға шығып, бірнеше қазақ баласымен тіл табысып, мен де шала-пұла сөздерді айтып, қазақ тіліне бейімделе бастадым. Бүгінде Шиелі ауданында тұрып жатырмын. Өзім №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп гимназиясында бастауыш пәнінің мұғалімімін.
Сондай-ақ адамзаттың бойына берілген жақсы қасиеттердің барлығы қазақтың бойынан табылады. Мәселен, қонақжайлығы, кеңпейілділігі, ақкөңілділігі, кішіпейілділігі, бауырмалдылығы.
Сондықтан, бүгінгі күні халқымыз ата-бабамыздан қалған тарихи өнегені, Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, жастарды бейбіт те, шуақты күндерді бағалай білсе демекпін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Орыс ұлтының өкілі
Татяна Ушакова
№252 Г.Ковтунов атындағы мектеп гимназиясында бастауыш пәнінің мұғалімімі
Татяна Ушакова
№252 Г.Ковтунов атындағы мектеп гимназиясында бастауыш пәнінің мұғалімімі