Ауған соғысының ардагерімен жүздесу

Соғыс... Қандай сұм, ауыр сөз! Аттай он жылға созылған Ауған соғысын сол жылдары біздің елден де өрімдей жас жігіттер өз көздерімен көрді. Өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкештілікті бастан өткеріп, берілген тапсырмаларды орындау үшін, өз халқының намысын қорғау жолында жан аямай күресті.
Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгер Болат Құрманбекұлы қатысты.
Кездесу барысында оқушылар ауған соғысының ардагеріне түрлі сауал қойып, еркін форматтағы сұқбат алаңына айналдырды. Кеш соңында ардагерге құрмет көрсетіліп, қошемет білдірілді.
Г.Әбдіхани