Тентектерді тезге салу – міндетіміз
Баланың аты бала. Жасөспірім шақ біліммен қатар ойынның да түбін түсірер кезең. Сонымен қатар, мінез-құлықта алып-ұшып қалыптаса бастайды. Ата-ананың ақыл-кеңесін де бірде тыңдап, бірде тыңдағысы келмей, еркін жүргісі келетін түсініксіз, қызықтау мезгіл. Олардың өмірге деген көзқарастары бұлыңғыр әлеуметтік жайсыздықтарға, күн көрушілік қиындықтарға төтеп беруге саналары жетпей, екі ойлы болып жүретін кездері.
Жасөспірімдер дәл осындай шақтарында түрлі құқық бұзушылықтарға ұрынып қылмыс жасап немесе өздеріне қол жұмсап жатады. Осы сәтте аудан көлеміндегі кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын ювеналдық полиция қызметінің арқалайтын жүгі жеңіл емес. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың саламатты, салауатты азамат болып өсуі үшін тәрбие жұмысын жүргізу өте қажет. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықты болдырмау және оған жол бермеу мемлекетіміздің саясатының да басым бөлігі болып саналады. Біз балалардың тәрбиесіне, білім алуына, медициналық және еңбекпен қамтылуын, бос уақытын бекерге өткізбеуін, сондай-ақ олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін де қадағалап зейін қойып отырамыз. Қай сала болсын жасөспірімдердің құқығы қорғалып отыруға тиіс. Қазіргі қоғамда жасөспірімдерге азғындық жасаушылар көбейіп кетті. Ондай адамдардың жазасы да күшейтілді. Жасөспірімдер арасында ұрлық жасау фактілері жетерлік. Сондай-ақ олар ата-аналарының ұрып-соғу тәрбиесіне көнбей көбіне үйлерінен қашып кетіп, қаңғыбас балаға айналады. Ондай ұл-қыздар полиция бөлімдеріне есепке алынып, оларға бақылау жүргізіледі. Бұл жерде ата-ана да баласымен тығыз байланыста болғаны жөн. Әке-шеше баласына көңіл бөліп, онымен достасып, оны да тыңдап, ести білуі керек. Жасөспірімдерді жол қауіпсіздігінен де сақтандырып отыруға тиіспіз. Балалардың жол апатына ұшырауы – жасөспірімдердің жол ережелерін білмеуінен, болмаса кездейсоқ жағдайларда болады. «Құдай сақтансаң ғана сақтайды». Біздер, инспекторлар – мектептерде арнайы сабақ өткізіп, жасөспірімдер үшін жол қауіпсіздігі – басты мәселе екендігін түсіндіріп, бағдаршам, жол белгілері жайлы мәліметтер береміз. Кәмелет жасына толмаған балалардың түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүруіне заң бойынша тиым салынған. Кезбе балалардың ата-аналарына әкімшілік шара көріледі. Бүгінгі қоғамда бізді толғандыратын жайт – оқушы жасөспірімдердің топтық төбелесі. Ауыл аралық, мектеп аралық, шанхай жақ пен кент орталығы арасындағы, анда-санда көше мен көше болып төбелескен талай «қызықтарын» көріп, кінәлілерді тезге салып, әкімшілік хаттама рәсімдеп, тәртіпке шақырғанбыз. Бұған себеп, балалар бір-біріне күш көрсеткенді ұнатады. Ертеректе өзге ұлт өкілдерімен төбелесіп қалатын олар, енді қазақ пен қазақ болып қырқысатынды шығарды. Сонда не жетіспейді. Бар болғаны арадағы ерегіс. «Мен күштімін» деп мақтану. Сыныбындағы қыздарға жақсы көріну. Төбелес деген бұзақылық. Сыныптас достар арасында іріткі салу. Аудан оқушыларының бірлігіне нұқсан келтіру. Өмірдегі досыңды азайтып, дұшпаныңды, қарсыласынды көбейту. Ең бастысы ата-анаңды, ұстаздарыңды, мектебіңді ұятқа қалдыру. Төбелестің арты қайғылы оқиғаларға, ауыр қылмысқа апаруы мүмкін. Сол себепті, әрбір әке-шеше балаларының алдындағы жауапкершілікті сезініп, баланың тәрбиесін қолға алуы, оның қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Баланың бүгіні мен ертеңіне жауапты бірінші кезекте ата-ана. Ал, полиция инспекторлары «балаңыз қылмысқа ұшырап қалмасын» деп отыратын жанашырыңыз.

Дарын Әзімхан,
Шиелі аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің КТІЖ-гі УПИ-ры
полиция капитаны