Бұл кездесу басқалардан өзгерек

Айта кеткен жөн, кештің басты кейіпкері, ҚР Мәдениет қайраткері, қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, сатирик, қаламгер, Алғабас ауылдық мәдениет үйінің директоры – Кенжебай Жүсіп. Аталған кездесуді «Самғау» мектебінің ұстазы Баян Үсеева ұйымдастырған. «Самғау» мектебінің жеткіншектері қонақтарға арналған ән мен биден шашу шашып, сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар К.Жүсіптің «Үш тағдыр» монологы оқылып, балалардың логикалық тапқырлықтарын тексеретін түрлі ойындар ойнатылды. Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Осылайша ақынмен тартымды өткен кештен мол тәлім-тәрбие алып тарқасты. К.Сыздықұлы да «Самғау» мектебінің ұлағатты ұстаздарына суырып салма арнауын арнап, өскелең ұрпаққа жүрекжарды ақ батасын берді. Ұстаздар да жолынан жаңылмай дән риза болып, ақынның үстіне шапан жапты. Осылайша тағылымы терең кездесу көңілді аяқталып, кездесу соңында естелік суретке түсуді де ұмытпады. Бұл мектеп ақылы ғана емес, қайырымдылықты қоса ұстаған оқу ордасы. Мектеп басшысы жеке өзі 15 балаға демеушілік жасаса, аудан әкімі Қ.Мүбараков мұқтаж 10 балаға өз қалтасынан демеушілік көрсетті.
Расында, бұл рухани азық беретін кездесу басқалардан өзгерек. Тіпті бәсекеге қабілетті, жалынды, білімді, талапты жастарға бұйырған сыбаға деп ауыз толтырып айтуымызға болады. Яғни оқушыларымыз ақынмен кездесуде ой түйерлік дүниені жүрегіне жақын тартып, өлеңдерінен үлгі алып, шығармашылығынан ой түйіп, құрметі арта түскені анық.
Фариза КЕНЖЕШОВА,
штаттан тыс тілші
штаттан тыс тілші