Талап, еңбек, терең ой...
«Еңбегі көптің өнбегі көп» деп бабаларымыз еңбек етудің маңызына терең тоқталған. Маңдай термен еңбек ету қай уақытта болсын береке мен бірлікке әкеледі. Барлық игілікті істердің бастауы да тікелей еңбекпен біте қайнасып жатыр. Әсіресе елім дейтін ер-азаматтардың қай уақытта болсын қол қусырып, «жұмыс жоқ» деген жөнсіз сылтауды желеу етуіне болмайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда «диплом бар, бірақ жұмыс жоқ» деп үйден аттап шығуға ерінетіндер көп-ақ. Алайда «маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайтыны» айдан анық. Міне, осындай нақыл сөздердің астарына үңіліп, іс қылуға тырысқандар түптің түбінде арманына қол жеткізіп жатыр. Сондай жандардың бірі – алақандай ауылда дүниеге келіп, алға қойған мақсатын жүзеге асырып жүрген Нұржан Үсенов.
Н.Нұрқасымұлы – орда бұзар отыз жастан асып, қырықтың қырқасына таяп қалған азамат. Ол Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылында дүниеге келіп, сол ауылдағы №161 Ынтымақ орта мектебін тәмамдаған. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқаннан кейін Нұржанның арманы басқа болатын. Яғни поэзияға әуес ол, мультипликатор болуды жоспарлаған. Бірақ үлкен ағасы Нұрғали Үсенов маркшейдерлік мамандығын игеруге кеңес береді. Ағасының айтқан ақылын ой таразысынан өткізіп, 2000 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің тау-кен институтының маркшейдерлік ісі факультетіне түсіп, бұл оқу орнын 2005 жылы аяқтайды. Болашағына бағдар жасап, келешек өміріне жүйелі жоспар құра білген Нұржан оқуды аяқтағаннан соң көп ұзамай еңбек жолын бастап кетеді. Еңбек кітапшасының алғашқы беті «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-ның бөлімше маркшейдері лауазымымен ашылады. Бұл қызметте Нұржан екі жылдан аса уақыт еңбек етіп, «Топ-геодезия» ЖШС-де геодист болып, қазіргі «Байкен-U» кен басқармасының өндірістік алаңының іргетасын қалауға атсалысады. Қызмет сатысынан өтіп, әбден сыналған әрі шыңдалған Нұржан 2008 жылы «РУ-6» ЖШС-нде ГГБ-де бас менеджер маркшейдер қызметіне ауысып, 13 жылдан бері осы салада тер төгіп келеді.

Міне, осылайша Нұржан Үсенов адал еңбек етуінің нәтижесінде өзі өмір сүріп жатқан ортасына, кіндік қаны тамған туған жеріне қызмет етіп, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосып келеді. Оның алға қойған арман-мақсаттары да елдің ертеңімен тікелей байланысты. Мәселен, Нұржан болашақта өз атының ұрпақ жадында абыройлы болып қалуын қалайды. Бар өмірін қызметімен біте қайнастыра білген азаматтың бұлай мақсат қоюына ата-анасының тағылымды тәрбиесі де әсер етсе керек. Себебі Нұржанның әкесі де, анасы да ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып жүрген – ұлағатты ұстаздар. Нақтылап айтар болсақ, әкесі Нұрқасым Мамырайұлы өз уақытында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, анасы Жанна Бахрамқызы Қыздар педагогикалық институтында орыс тілі және орыс әдебиеті пәндерінен сабақ берген. Ұлағатты ұстаздардың шаңырағында өскен Нұржан да ата-анасының арқасында келешегінің іргетасын берік қалаған. Ендігіде оның өз отбасы, өз шаңырағы бар. Ол – жары Гүлдана Жиренбайқызымен екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған асқар тау әке.
Мақсұт ИБРАШЕВ
Сурет автордікі
Сурет автордікі