Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатын іздейді

Қазақстандық 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатын іздейді


Жастар 90-шы жылдардың соңында Қарағанды қаласындағы автобекетте танысып, кейіннен хат алмасып тұрған қазақстандық Төлеген Мұқанов 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатын іздеп табуға ниетті.
Мұқанов "Еурзаия" Бірінші арнасының редакциясына хабарласып, жас кезінде хат жазысып тұрған Лилия есімді бойжеткенді табуға көмектесуді сұраған. 
Жастар Қарағандының автобекетінде кездейсоқ кездесіп танысқан: Лилия мектепті тәмамдап, ауылдағы әжесіне бара жатқан, ал Мұқанов техникумнан кейін жоғарғы оқу орнына түсе алмаған.
Жастар хатпен бірге бір-біріне сурет те жіберіп отырған. Телеарна эфирінен көрсетілген сюжеттің скрині.
Олар автобекетте танысып, бір жыл бойы хат жазысып тұрған. Кейіннен Мұқановты Қиыр Шығысқа әскерге алып кеткен. Осылайша хат арқылы байланыс үзіліп, Мұқанов Лилиядан қол үзіп қалған.
"Ол ерекше болатын. Басқа қыз-келіншектер өзгеше еді. Ол менен ештеңе талап еткен емес. Хаттарында сондай ақылды, әдемі сөздер жазатын. Оның хаттары мені таң-тамаша ететін", – деп айтып берді 55 жастағы ер адам. 
Қазір Мұқановтың қолында Лилияның бірнеше фотосуреті бар. Алайда, ол бойжеткеннің фамилиясын ұмытып қалған және оның мекенжайы жазылған хаттарды жоғалтып алған. Ер адам екі рет үйленген, бойжеткен қызы бар.
"Егер ол тұрмыс құрған және күйеуі бар болса және бақытты ғұмыр кешіп жатса, мен оған тек жақсылық тілеймін. Ал егер ол да жалғызбасты болса, мен онымен кездесіп, өмірімнің қалған бөлігін бірге өткізгім келеді", – деп жалғастырды Мұқанов.
Қазір Лилия 50 жас шамасында болуы керек.
"Қымбатты Лилия, егер сен мені естіп тұрсаң, мен сенің қайда тұрып жатқаныңды білгім келеді. Қазақстанда болсаң да, алыс шет елде болсаң да, мен саған келемін. Менің айтқаныма құлақ асуыңды, мені табуыңды қалаймын. Екеуміз бір-бірімізді іздеп жүрген секілдіміз. Маған солай сезіледі", – дейді Мұқанов.

05 ақпан 2021 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031