Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшы Аслан Мұқанов – NBA America чемпионы 

Боксшы Аслан Мұқанов – NBA America чемпионы 


«Сарыарқа» Ресей Жоғары хоккей лигасының ширек финалына шықты. Плей-офф кезеңінде «Юграмен» кездескен Қарағанды командасы жалпы есепте 3:0 нәтижесімен жеңіске жетті. Шешуші ойында «Сарыарқа» хоккейшілері 4:1 есебімен басым түсті. Ал «Барыс» қолда тұрған жеңісті жіберіп алды. Хоккей: «Торпедо» – «Барыс» – 5:4 «Барыс» плей-офф сериясында қолда тұрған жеңісті жіберіп алды. Нижний Новгородтағы екінші ойында елордалықтар қатарынан үш шайба соғып, алға шыққан. Алғашқы кезеңде Патрис Кормье, Павел Акользин және Мэтю Фреттин мергендік танытты. Үзілістен кейін «Торпедо» хоккейшілері екі шайбамен жауап қатты. 50-минутта Кертис Волк көзге түсіп, «Барыстың» басымдығын дәлелдей түскен еді. Алайда айдын иелері нәтижелі шабуылдарын үдетіп, таразы басын теңестіріп кетті. Овертаймда «Торпедоның» мерейі үстем болды. Төрт ойыннан соң жалпы есеп – 2:2. Енді қарсыластар Астанада кездеседі. Бесінші матч ертең кешкі жеті жарымда басталады. Шахматтан командалық әлем чемпионаты Бүгін Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты басталады. Зияткерлік сайысқа дүниежүзінің таңдаулы 14 елі қатысады. Олардың арасында АҚШ, Иран, Қытай, Ресей, Үндістан, Әзербайжанның мықты ойыншылары бар. Қазақстан атынан Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік және Бибісара Асаубаева сынға түседі. Командалық біріншілік ерлер және әйелдер арасында өтеді. Тоғыз кезеңнен тұратын зияткерлік сайыс 14 наурызда аяқталады. Бүгін алғашқы айналым басталады. Бокс: Аслан Мұқанов – NBA America чемпионы Кәсіпқой бокстағы тағы бір үмітіміз Аслан Мұқанов NBA America тұжырымының чемпионы атанды. Қостанай облысының былғары қолғап шебері 59 келі салмақта шаршы алаңға шығып, венесуэлалық Стивен Монтероссадан басым түсті. Жекпе-жек Колумбияда өтті. Аслан алғашқы раундта қарсыласын сұлатып салды. Кәсіби рингте алты кездесудің барлығында жеңіске жеткен Мұқанов соның бесеуін нокаутпен аяқтады. Аслан қазақстандықтарға жақсы таныс Нельсон Лопестің қол астында жаттығады. Футбол: бүгін «Реал» – «Аякс» кездесуі Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдағы қарымта ойындары өтеді. Осы турнирдің қазіргі чемпионы «Реал» «Аяксты» қабылдайды. Амстердамдағы алғашқы кездесуде 2:1 есебімен Мадрид командасы жеңіске жеткен болатын. «Сантьяго Бернабеудегі» матчқа қорғаушы Серхио Рамос қатыса алмайды. «Реал» футболшысы өткен ойында әдейі сары қағаз алып, соның жазасын тартады. Рамос Чемпиондар лигасында екі ойынға шеттетілді. Бүгін сондай-ақ Дортмундта «Боруссия» мен «Тоттенхэм» алаңға шығады. Лондондағы бірінші матчта 3:0 есебімен ағылшын командасы жеңіске жеткенін айта кетейік.

www.24.kz
05 наурыз 2019 ж. 839 0